Атырау, 26 сәуір 20:51
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Тоңазытқыштан табылған екі баланы өлтірді деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды

Бейнежазба
2 405 просмотра


Алматыдағы Түрксіб ауданында мәйіті тоңазытқыштан табылған балалардың шешесімен бірге тұрып келген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Балалардың әкесі Өзбекстанның 29 жастағы тұрғыны болып шықты, ол балалардың шешесімен бірге тұрған.  "Қазіргі уақытта қылмыстың мотивін және мән-жайды анықтауға бағытталған процессуалдық және тергеу шаралары жүріп жатыр. Бұл кезеңде ер адам өз кінәсін мойындап отыр. Соталды өндіріс барысында істі әділ, толық әрі жан-жақты тергеуге мүмкіндік беретін зерттеулер жүргізіліп жатыр, сарапатамалар тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, балалардың анасынан жауап алынып жатыр екен, ол ер адаммен бірге ұсталған. Әйелге із-түссіз жоғалып кеткен адам ретінде іздеу жарияланған еді.  Ал полицейлер В. деген азаматшаның үлкен ұлы қайда екенін анықтап, оны тексеру үшін медициналық мекемеге жеткізіпті. 

Айта кетейік, мұның алдында тоңазытқышынан екі баланың мәйіті табылған пәтердің көршілері оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді.

Балалардың денесі сөмкеге салынып, істен шыққан тоңазытқышқа салынған. Көршілерінің айтуынша, пәтерден бірнеше күн бойы жағымсыз иіс шыққан. Пәтер жалдамалы екен. Баспана иесі, кейбір мәліметтер бойынша, Шымкентте шаруаларымен жүрген. Сосын көршілер жалға беретін жауапты адамды шақыртып, есікті ашқан, сосын жағымсыз иіс шыққан тоңазытқышты ашып қалған. Онда сөмке болған. Көршілер онда мал еті екен деп ойлаған. Алайда онда матаға оралған балалардың мәйіті болып шыққан. Шошып қалған көршілер дереу полиция шақырған. Балалардың жасы әзірше белгісіз екен. Алайда көршілер бұл пәтерде кімнің тұрып келгенін білмейтінін айтып отыр.


Дереккөз: Tengrinews.kz

13 қыркүйек 2017, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.