Атырау, 27 сәуір 06:51
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Оңтүстік Корея мен АҚШ Қытайдың қарсылығына қарамастан зымыран жүйесін орнатып болды

6 336 просмотра

Оңтүстік Кореяда орналастырылатын "Сад" зымыранға қарсы жүйесі. Фото: Reddit.

Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігінің мәліметінде бүгін, 7 қыркүйек күні бейсенбі, Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың Сеулге жақын жерде орналастырмақ болған «Сад» зымыранға қарсы жүйесінің құрлысын аяқтауды жоспарлап отырғанын жеткізді. 

Қытай, Ресей, Солтүстік Кореяның қарсылығына ұшырап келген бұл зымыран қорғаныс жүйесі ақыры Оңтүстік Корея жерінде орналастырылатын болды. Әрі бұл жүйе қазіргі кездегі ең дамыған әуе қорғаныс жүйесінің бірі болып табылады. Бұл тулы «The New York Times» басылымы хабарлап отыр. 

Қытай бұл жүйені орналастыруға түбегейлі қарсы болып келді. Бейжің тарабы бұл жүйені орнату ҚХР территориясындағы зымырандарды да тежеп Қытайдың стратегиялық қауіпсіздігіне қатер төнеді, Солтүстік Корея мен басқа елдердің арасындағы қарым-қатынасты тығырыққа тірейді.  деп санайды. Алайда, Оңтүстік Корея мен АҚШ қорғаныс өкілдері бұл жүйені орнатудағы басты мақсаттары Солтүстік Кореяның баллистикалық және ядролық қару тиеген зымырандарынан қорғану деп атап көрсетті. 

АҚШ пен Оңтүстік Корея «Сад» зымыранға қарсы жүйесін Корей түбегінде орналастыру келісіміне өткен жылдың шілде айында қол жеткізді. Солтүстік Корея баллистикалық зымыран сынақтары көбейген тұста, Оңтүстік Корея жаңа президенті Мүн Жа-ин АҚШ-пен аталған жүйені орналастыру істерін жеделдете түсті. Алайда, Қытай жақ бұған экономикалық шектеулермен жауап беріп, Қытайдағы кореялық кәсіпорындарға қысым жасады. 

Осы қатарлы қайшылықтардан кейін де жүзеге асырылған «Сад» зымыранға қарасы жүйесі, Қытайдың Корей түбегі мәселесіндегі алдағы қадамдарына тікелей әсер етеді деп қарауға болады. Тіпті, Қытай Солтүстік Корея бағытталған шектеу шараларынан да бас тартуы ғажап емес. Бұл қадамдар Қытай және өңірдегі АҚШ-пен одақтас елдердің қарым-қатынасын шиеленістіріп, түбек жағдайында қосалқы қайшылық қалыптастыруы мүмкін. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


7 қыркүйек 2017, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.