Атырау, 26 сәуір 23:44
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Зиянды әкесі өтеді

2 967 просмотра

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша үкім шығарды.

Атыраудың кәмелетке толмаған тұрғыны өткен жылдың қыркүйегінде қала маңында жасаған 13 ұрлығы үшін сотталып, шартты түрде 1 жыл алған. Бірақ ол бұл әдетін доғармады: биылғы маусым айында ол Еркінқала-2, Балауса, Жұлдыз-2, Жұмыскер-1,2, Геолог-2 және Томарлы ықшамаудандарында наурыз бен мамыр аралығында жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам болатын 11 ұрлыққа күдікті ретінде ұсталған. Үй иелерінің ақшалары, зергерлік бұйымдары және жеке заттары оның олжасына айналған.

Сотта ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен іс жүргізу келісімі бойынша қаралып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Зардап шегушілерге тигізілген зиян заңды өкілден – сотталушының әкесінен өндіріліп алынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 тамыз 2017, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.