Атырау, 27 сәуір 07:36
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қаладағы балабақшалар мен мектептер

2 912 просмотра

Жаңа оқу жылында Атыраудағы білім беру саласын қаржыландыруға 20 млрд теңгедей сома бөлінеді. Бұл туралы Атырау әкімінің орынбасары Палымбет ХАСАНОВ тамыздағы қалалық мұғалімдер конференциясында хабарлады.

Оқулықтар мен әдістемелік құралдарды сатып алуға 1 млрд 154 млн теңге бөлінді. Өткен жылы ол 494 млн теңге болған. Оқушылардың ыстық тағамына бөлінген қаржы да 529 млн-нан 1 млрд 147 млн теңгеге дейін екі есеге көбейді.  

Конференциядан кейін қалалық білім беру бөлімінің басшысы Света АМАНШИЕВАДАН қаржының көп бөлінуі немен байланысты екенін сұрадым. Оның айтуынша, біріншіден, жыл сайын оқушылар саны көбеюде; екіншіден, жаңа бағдарлама бойынша бірінші сынып оқушылары үшін жұмыс дәптерлері сатып алынады; үшіншіден, 2, 5 және 7-сыныпқа арналған оқулықтар толықтай жаңартылады. Ыстық тағам бойынша – тағы да оқушылар санының көбеюіне және азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты.  

2 қыркүйекте үш жаңа мектеп: техникалық гимназия (СТГ), Нұрсая ықшамауданындағы 624 орындық және Ширина поселкесіндегі 120 орындық мектеп өз есігін айқара ашады. Көп ұзамай Бірліктегі 280 орындық және Геологтағы 165 орындық балабақшалар тапсырылады. Жұлдыз ықшамауданындағы 624 орындық және Ракуша поселкесіндегі 300 орындық мектеп құрылысы басталды. Нұрсаядағы, Еркінқаладағы және Атырау ықшамауданындағы балабақшалар құрылысы жалғасуда. Тағы 8 мектеп пен 20 балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.  

- Ал қазір бізде әлі күнге дейін заманауи стандарттарға жауап бермейтін мектептер бар, 3 ауысыммен жұмыс істейді, ал кейбір ықшамаудандарда олар мүлдем жоқ, - деді П.Хасанов. – Қаладағы 8 мектеп лық толы: №3, 15, 16, 22, 24, 30, 32, 34 – мектептерде тиесілі мөлшерден анағұрлым көп бала оқиды.

Бүгінде Атырауда 142 оқу орны жұмыс істейді, соның ішінде 56-сы -мектеп (оның 2-уі жеке), 41-і - мемлекеттік және 33-і - жеке балабақша. Мемлекеттік балабақшаға 17 164 бала, жекеге - 1 444 бала барады. Атыраудағы мектепке дейінгі біліммен қамту бар болғаны 57,2%. Биыл 3 798 бүлдіршін балабақшаға жолдама алды, тағы 17 057 бала өз кезектерін күтуде. Света Аманшина өз баяндамасында мемлекеттік тапсырысқа қатысатын жеке балабақшалардың саны біртіндеп көбейіп жатқанын атап өтті. Олардың саны қазір 15, ол жерлерге қалада кезекте тұрған 385 бала бөлінген.

Бұрынғыша кадр тапшы – мектептер 217 мұғалімге мұқтаж.

Аманшиева ҰБТ нәтижелерін еске салды. Орташа нәтиже - 71,9 балл. Тестілеуге бүкіл түлектердің 80%-ы қатысты (өткен жылы - 67,1%). Ең жоғарғы нәтижені қалалық лицей, СТГ, №27 мектеп, №17 және 16 мектеп-лицей көрсетсе, ең төменгі нәтиже - Нысанбаев атындағы, №7, 23 және 25 мектептерде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 тамыз 2017, 23:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.