Атырау, 27 сәуір 06:12
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Барселонадағы теракт: 17 жастағы Мусса Укабир басты күдікті болып отыр

2 264 просмотра


17 жастағы Мусса Укабир Барселонада теракт жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды РИА Новости El Mundo газетіне сілтеме жасап. 

Мусса Укабирдің Барселона орталығында бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетіп, кейіннен ұсталған Дрисс Укабирдің ағасы екені айтылады. Басылымның мәліметінше, Мусса Укабир бір топ адамды қағып кетіп, бірден оқиға орнынан жасырынған. Кейбір БАҚ оның қаруланған болуы мүмкін екенін айтады. Айта кетейік, осыған дейін Каталонияның құқық қорғау органдары Барселонада теракт жасаған адамда қарудың болмағанын мәлімдеген еді. ABC газеті де полициядағы дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, осы терактіде басты күдікті 17 жастағы Мусса Укабир екенін айтады. Дрисс Укабир осыған дейін сексуалдық мәндегі қылмыстар үшін жазаға тартылған екен және Фигерас қаласында қамауда болған. Полициядағылар ресми түрде үш адамның қамауға алынып, бес лаңкестің көзі жойылғанын растады. Еске сала кетейік, осыған дейін Испанияда бір тәулікте екі теракт болғаны жайлы хабарланған болатын. Барселонада фургон жаяу жүргінші жолында тұрған бір топ адамды қаққан. 13 адам қаза тауып, жүзден аса адам зардап шеккен. Кейін осындай оқиға каталонияның Камбрильсінде болды, оның салдарынан жеті адам зардап шекті.  Сондай-ақ, Қазақстанның СІМ өкілдері теракт кезінде зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтардың болмағанын хабарлаған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz


18 тамыз 2017, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.