Атырау, 26 сәуір 22:22
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Мәскеу қаласының 15 мың шаршы метр аумағы өртке оранды

2 250 просмотра

Мәскеу қаласының 15 мың шаршы метр аумағы өртке оранды.


Мәскеу қаласында үлкен өрт болды. Мәскеу Төтенше жағдайлар департаментінің хабарына қарағанда 17 тамызға қараған күні кеште туындаған өрт қаланың 15 мың шаршы метр аумағын шарпыған. 

Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлап отыр. «Спутник» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, өрт Мәскеу қаласының солтүстігіндегі бояу өндіретін кәсіпорынның бір қоймасынан шыққан. Сондағы жиһаздар мен бояулардан шыққан өрт, әп-сәтте тұтас қойманы жалынға орап, маңындағы ғимараттарды да шарпыған. Жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті 80-нен аса өрт сөндіруші және өзге техникалық көмек көрсетуге 30-дан аса адамды жұмылдырған. Өрт сөндіруші көліктермен қоса екі тік ұшақты да апатты жағдайды біржақты етуге жұмсаған. Әзірге дейін, зардап шеккендер мен заттық шығындар туралы нақты мәліметтер таратылмаған. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

17 тамыз 2017, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.