Атырау, 27 сәуір 07:14
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Әкімдіктегі тағайындаулар

3 530 просмотра


14 тамызда Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ өз аппаратының жиналысында кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалардың екі жаңа басшысын таныстырды.

Бірінші басқарманың басшысы болып 31 жастағы ҚазМЗУ түлегі, экономика магистрі Айқын ЕЛЕУСІЗОВ тағайындалды. Ол көлік және коммуникация министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген, ҚР инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы көлік және инфрақұрылым басқармасына басшылық еткен, ал өткен жылдың қазан айынан бастап – Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып Махамбет ауданының 30 жастағы тумасы, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі, аймақтану магистрі Роллан ҚҰСПАН тағайындалды. Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақстан жастарының Конгресі» қауымдастығында есепші қызметінен бастаған. Содан соң сол жерде директордың орынбасары, атқарушы директор лауазымдарын, кейін «Жас Отан» жастар қанаты Республикалық қорының директорының орынбасары, ал 2016 жылдың қыркүйегінен бері Алматы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Сол күні Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Ернар БАСПАЕВ ұжымына өзінің жаңа орынбасары – 34 жастағы, бұрын ҚР президентінің протокол қызметінде кеңесші лауазымын атқарған Дәурен БЕКТҰРҒАНОВТЫ таныстырды. Ол Қазақ мемлекеттік заң университетінің түлегі, сатып алу және жеткізу тізбегін басқару магистрі (Ұлыбритания университеті).

Еңбек жолын Астана қаласында «Заң сараптама орталығы» ЖШС-де заңгер қызметінен бастаған. Кейін «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-де әкімшілік-әлеуметтік жұмыстар басқармасының менеджері, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бас маманы, 2014-2015 жылдары - ЖШС-лердің бірінде директордың құрылыс жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 тамыз 2017, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.