Атырау, 26 сәуір 15:59
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Көпшіліктің арасынан байқау қиын

3 727 просмотра


Соңғы жылдары елімізде, соның ішінде Атырау облысында кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстар саны көбейіп кетті. 

Атырау облыстық ІІБ баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА ұсынған жергілікті статистика мынадай: осы кезеңге дейін облыста 62 адам кәмелетке толмағандарға қарсы қылмысы үшін жазаға тартылған. Олардың 33-і жазаларын өтеп шықса. Ал, осы жылдың басынан бері балаларға қарсы сексуалдық сипаттағы қылмыстар ресми тіркелмеген.

Біз психолог, психология ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласындағы «Жанұям» орталығының директоры Жанат СМИРНОВАҒА педофилдің іс-әрекетіне қатысты сұрақтарымызды қойып, жауап алдық.

- Педофилдер кімдер? Оларды біз көпшіліктің арасынан ажырата аламыз ба? Немесе ортақ белгілері бола ма?

- Педофилдердің ортақ белгілері жоқ. Сол себептен оларды көп адамның арасынан ажырата алмаймыз. Олар әлеуметтік ортада жақсы бейімделеді, мұғалім де, жүргізуші де педофил болуы мүмкін. Тәжірибелі педофилді ажырату да қиындау.

- Педофилдерді бала күнінде зорлық көрген адамдар деп жатады. Расында солай ма?

- Жоқ, бұл қате түсінік. Зорлық көрген адамдардың арасынан педофилдер шығуы мүмкін деп саналады. Бірақ бұл мәселе әлі де толық зерттелінбеген.

- Педофилия емделе ме?

- Педофилияны емдеу жолдары – психотерапия, психоанализ. Бірақ бұл аурудан толық емделген адамдар аз. Педофилияны емдеу өте қиын. Қазіргі кезде терапевтердің көбі педофилия емдеуге келмейді деген қорытындыға келді.

- Былтыр мемлекет басшысы сот үкімі бойынша педофилдерді химиялық кастрациялауды қарастыратын заңға енгізілген түзетулерге қол қойған болатын. Сіз бұған қалай қарайсыз?

- Химиялық кастрация  - ем емес. Ол тек педофилдің либидо немесе сексуалды энергиясын төмендетеді. Кастрациялау жазасы бізге де келіп жатыр. Америкада, мысалы, педофилдерге химиялық кастрация қолданылады.

- Педофилден қалай қорғану керек? Бұл жерде ата-ана не істеуі керек?

- «Танымайтын адамға жауап берме!», «Сені тек жақын адамдарың құшақтасын. Қалғандарына құшақтатпа!», «Сен құшақтағанды ұнатпасаң, «мен құшақтағанды ұнатпаймын!» деп айт!», «Өмірде не болса да, мен сені қорғауға тырысамын!» деген сөздерді айтып отыру керек. Баланы қараусыз қалдырмай, оған басқа адамның жетектегеніне ілеспеу керектігін үнемі қайталап отыру керек.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

7 тамыз 2017, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.