Атырау, 26 сәуір 16:22
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Тұрғындардың пікірін ешкім сұрамайды

2 808 просмотра


Атыраудағы Авангард мөлтек ауданының Владимирский көшесі, №2 а үйінің тұрғындары балалары оқитын №16 мектепке баратын төте жолды жауып тастаған құрылысқа наразылық білдіріп, көшеге шыққан болатын.

Олар құрылысты бастарда өздерінен ешкім ештеңе сұрамағанын, ешқандай ескертпегеніне шағымданған еді. 

ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 13-бабы 2-тармағында «жеке және заңды тұлғаларды өздерiнiң мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортасының жай-күйi туралы, сондай-ақ аумаққа құрылыс салу (қайта жоспарлау) жөніндегi ниеттерi туралы хабардар етудi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе қоғамдық талқылау жүргізу, экспозициялар мен көрмелер арқылы жергілікті ayдандардың (қалалардың) атқарушы органдары жүзеге асырады» деп көрсетілген. Және сол баптың 3-тармағында белгілендей, құрылыс салушы нысан құрылысын жүргізуге дайындалып жатқан маңның жанында тұрып жатқан тұрғындарды жинап, оларды жобамен таныстырып, барлық ақпаратты беруге міндетті. Алайда, тұрғындардың айтуларынша, мұның бірі де жасалмаған.

Ал Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Смағұл ТУКЕШОВ бұл жағдайға былай деп комментарий берді:

- Жеке кәсіпкер сатып алған осы учаскеде дәріханасы бар және науқастарды қабылдайтын үш қабатты жекеменшік емхана салынады. Әзірге ол тек мемлекеттік акті бойынша өзіне тиесілі жерді қоршап қойған. Қазіргі уақытта ол жерде құрылыс жұмыстарын дайындау жұмыстары ғана жүргізілуде. Өйткені, оған әзірше Атырау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан рұқсат алу керек. Ал жеке кәсіпкерге өзіне берілген аумақты қоршамас бұрын мектепке баратын келесі жаңа тротуарды алдын ала салуы керектігі жөнінде айтылды. Неге жасамағанын анықтайтын боламыз.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Суретті түсірген автор

7 тамыз 2017, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.