Атырау, 23 тамыз 18:59
Түнде ашық+23, таңертең +31
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 333.08  € 391.50  P 5.64

Welcome to America

3 тамыз 00:00

Ислам елдері азаматтарының келуіне қатысты шаралардың қатаюына байланысты жақын арада Қазақстан азаматтары үшін американдық визаның қолданыс мерзімі көп қысқарады деген сөз рас па? Яғни, бүгінде бізге, Қазақстан азаматтарына виза 5-10 жыл мерзімге берілетін болса, енді бұл жарты жылдық виза бола ма?

«АЖ» поштасынан

Бізге Қазақстандағы АҚШ елшілігінің хабарлауынша, «биыл АҚШ-тың визалық саясатында Қазақстан азаматтары үшін визаның ұзақтығына әсер етуі мүмкін қандай да болмасын өзгерістер болған жоқ. 2016 жылдың желтоқсанынан бастап АҚШ Мемлекеттік департаменті қазақстандық азаматтарға 10 жыл мерзімге дейін іскерлік/туристік визалар бере бастады. Бұл визалар төлқұжат иелеріне төлқұжаттың қолданыс мерзімі ішінде бірнеше мәрте сапармен баруға мүмкіндік береді. Дегенмен де, визаның ұзақтығы сол уақыт ішінде Құрама Штаттарға мейман болып келген азаматтың заңды негізде қалуына мүмкіндік беретін уақыт ұзақтығын белгілемейді. Мұны саяхатшылар АҚШ-қа барған кезде кедендік және шекаралық қызметтің қызметкерлері шешеді.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

400 рет қаралдыБасты бет

Басты бет

1 2 3 4