Атырау, 27 сәуір 09:41
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Гүлнара Кәрімованың тұтқындалуы саяси элиталық топтарға сабақ бола ала ма?", "Әзімбай Ғали. Ресей күйресе, Қытай тіліне басымдық бере бастау керек", "Полицияның дәрменсіздігінен түңілгендер президент Назарбаевқа жүгінді"

1 901 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Баталов тұсауын кескен әуежайдың әуресі көп болып тұр" - Жаз шықса жағалауы демалушы жандарға қашан толады деп армандап жүрген Алакөлдің бағы ашылмай-ақ қойды, әйтеуір... Екі облыстың ортасында жарқырап жатқан осынау үлкен айдынға көлікпен барудың азап екені баспасөзде талай рет жазылды. Әсіресе Алматы облысы жағынан баратын жолдың тоз-тозы шыққан. Алматы қаласы мен Алакөлдің арасындағы 600-700 шақырым жолда, құдай біледі, селкілдей беріп, бір кездері жазылып кеткен ауруыңызды қайта тауып алуыңыз мүмкін. Осы аймаққа қатынайтын жалғыз пойызға билет маусымның басында-ақ таусылып кеткен.

"«Полиция бөлімшесіне апармағанда күйеуім қаза таппас па еді...»" - Үржар ауданы Қаратұма ауылының тұрғыны Сандуғаш Алдажарова осыдан бір айдан астам уақыт бұрын, яғни 18 маусым күні Аякөз аудандық ішкі істер бөлімінде қайтыс болған күйеуі Рақымберді Қыдырмолдиннің қазасына байланысты әлі күнге дейін нақты жауап ала алмай жүр. Майлин ауылында өтетін құдашасының қырық күндік асына қатысуға төрт жолаушысымен бірге шыққан Р.Қыдырмолдин дәл сол күні сағат 08:30 шамасында алдымен аудан орталығына келіп, көлігіне май сатып алу үшін біраз көше аралауға мәжбүр болады.

AZATTYQ.ORG. "Полицияның дәрменсіздігінен түңілгендер президент Назарбаевқа жүгінді" - Алматының бір топ тұрғыны ұрланған көліктерін табуға дәрменсіздік танытқан полициядан көңілдері қалғанын айтып, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрады. Полиция өкілі әрбір қылмыс бойынша тергеу амалдары жүргізілетінін айтады. Ресми дерек бойынша, елде жасалатын қылмыстардың жартысынан көбін ұрлық оқиғалары құрап отыр.

""Атамбаевтың саясаты ендігі сайлауға да әсер етпекші"" - Қырғызстанда қазан айында өтетін президент сайлауына кандидат ұсыну аяқталуына санаулы күн қалды. Осы жолғы сайлау үрдісінің ерекшелігі қандай, кандидаттыққа ұсынылғандардың құрамы нені білдіреді?

INFORMBURO.KZ. "Екі миллион бойдақтың арасынан жар таппаған қыздардың бес қорқынышы" - Кәрі қыз, ажырасқан келіншек лайық жар таппай әлек. Астана мен Алматы – әлемдегі өзге мегаполистердей осы әлеуметтік мәселенің ошағына айналды.

QAZAQTIMES.COM. "Гүлнара Кәрімованың тұтқындалуы саяси элиталық топтарға сабақ бола ала ма?" - Соңғы уақытта Өзбекстанда болып жатқан жағдайлар өзін жер бетінің жарты құдайы санайтын саяси элиталық топтарға сабақ бола ала ма?

"КХДР соңғы ескертуден кейін де зымыран атты, АҚШ енді қандай қадамға баруы мүмкін?" - Солтүстік Корея тынбай жасаған зымыран сынақтарынан кейін бір жыл ішінде баллистикалық зымыранын Америка шекарасына жеткізе алатын болды. Осыдан бірнеше апта бұрын Солтүстік Кореяның бұл жетістікке жетуіне 4 жыл уақыт бар деп санаған. Қазір Солтүстік Кореяның зымырандарына шағын көлемдегі ядролық қаруларды тиеуге болады. Сонымен бірге атмосфераға қайта енген кездегі жоғары температураға төзімділігі де сыннан өтті. Бұл ядролық оқ тұмсықтарды АҚШ-қа дейін жеткізе алуға толықтай қаблетті екенін көрсетеді. 

ABAI.KZ. "Әзімбай Ғали. Ресей күйресе, Қытай тіліне басымдық бере бастау керек" - Батыс  елдері  бірлестігі – АҚШ пен Европалық Одақ және НАТО  Ресейдің  экономикалық  және саяси күйреуін алдыға мақсат етіп қойып отыр. Ресей халқының  саны 146 млн. 804 мыңға жетті. Ресейдің бүгінгі күні ішкі жиынтық өнім көлемі бойынша 1267.55 миллиард  долларды құрайды. Әлем бойынша Ресей ішкі жиынтық өнім көлемі бойынша 13 орында. Ресейдің алдында АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Франция, Индия, Италия, Бразилия, Канада, Оңтүстік Корея және  Испания тұр.

"Ар-ұяттан сыйлық басым түскен заман" - Иә, адамның рухани қазынасының ең басты да қасиетті нышаны – қашан да әдебиет болып келген еді. Күлтіл-бүлтілсіз ақиқатын айтар болсақ, бүгінгі  жас қаламгерден бастап әлдеқашан қырықтың қырқасына шығып, елудің еңсесіне мінгендердің істеп жүрген істеріне, әдебиетті күнкөріске, өтірік атақ-даңқ алу құралы ретінде пайдалану үшін жасап жүрген әрекет, тірліктеріне қарап-ақ әлгінде Ә.Кердері айтқан «имансыздықтың»,  Мопассан айтқан алаяқтықтың небір озық үлгілерін көргендей боласыз. Біреулер баж етсе баж ете берсін, бірақ бүгінгі қазақ әдебиеті әбден құлдырағаны рас.

DALANEWS.KZ. "GooGoosha" - Қызық иә? Билік те, байлық та қолдың кірі екен. Тағында өлген өзбек диктаторы Ислам Кәрімовтің үлкен қызы Гүлнәрға осыны ұғындыра алмай өткен сияқты. Қызы әкесінен асып түсті. Асып түсе жаздады. Әкесі «әй» демегенде Гүлнәрдің құлқыны тыйылмас еді, құдай біледі.

"Қазақ зиялыларын балалары неге сыйламайды?" - Сөз жоқ, ұлттың негізін зиялы қауым құрайды. Зиялының сыйы кеткенде, елдіктің сыйқы кететіні сөзсіз. Осы бір қағидаға таяуда қарапайым оқиға арқылы көзім жете түсті. Соны сіздерге айтып берейін, кейбіреулердің көкейінде жүрген оймен үндестік табар. Кім білсін?..

TURKYSTAN.KZ. "«Шайтан алсын, шал алсын…»" - Қазіргі уақытта қазақ спортының алға басып келе жатқанына ешкім де күмәнмен қарай қоймас. Әлемдік спорт додаларында Көк Туымыз биікке жиі көтеріледі. Бірақ бұл спорт саласында күрмеулі мәселе жоқтығын білдірмейді. Әсіресе, спорттағы легионерлер мәселесі талай жылдан бері талқыға түсіп келеді.

"Қайырымдылық ардың ісі десек те…" - Заман өзгерді  ме, қоғам өзгерді ме? Асан қайғы мен Майқы би, қазақтың нарқасқа жырауларындай жақсылық пен жамандықтың, ақ пен қараның, жер мен көктің, адамгершілік пен қатыгездіктің аражігін айырып беретін дала даналары, философтары бар ма бүгін? Егер болса, қандай қасиеттерді насихаттар еді? Мәселен, қайырымдылыққа берілген қаражатты қымқыру – ардан безгеннің ісі. Бірақ бәзбіреулер оны үнемі естен шығарып, әлеуметтік көмекке мұқтаж  жандардың несібесіне ортақтасады.


31 шілде 2017, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.