Атырау, 27 сәуір 02:23
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Күдіктіні қамауға асықпаңыздар»

2 164 просмотра


Атырау облыстық сотында 2017 жылдың 1 жартысын қорытындылауға арналған кеңейтілген отырыс өтті.

Облыстық соттың төрағасы Марғұлан БЕКТҰРҒАНОВ осы кезеңде 510 қылмыстық және 7 303 азаматтық іске үкім шығарылғанын айтты. Отырысқа келген Жоғары cоттың қылмыстық істер бойынша коллегиясының төрағасы Абай РАХМЕТУЛЛИН өңірдегі сот жұмысының сапасы жақсарғанын атап өтіп, бұлтартпау шарасын таңдау кезінде кінәлілігіне келтірілген кез келген күмәнді айыпталушының пайдасына шешу керектігін айтты.

- ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 148-бабына енгізілген өзгеріске сәйкес, тергеу судьясы көрсетілген бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ескерілетін мән-жайларға қатысты іс материалдарын мұқият зерттеуі тиіс. Өйткені, тергеу орындары белгілі бір қылмыс жасады деген күдіктіні аса ауыр қылмыс бойынша баппен белгілеп, соттан қашып кетеді деп, қамауды санкциялауды сұрайды. Ал тергеу аяқталып, іс сотқа келгенде біз басқа жеңілдеу баппен соттаймыз. Ал ол адам бұл уақытта тергеу абақтысында босқа отырған болып шығады. 

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Суретті түсірген автор

26 шілде 2017, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.