Атырау, 26 сәуір 15:40
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қылмыстар хроникасы

3 128 просмотра

Шілденің 21-де Құрманғазы ауданының Егінқұдық ауылында жаңбырға ұласқан жел екпіні бастауыш мектеп ғимаратының шатырын жұлып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шегушілер жоқ. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.

***

Сол күні Атырауда Махамбет көшесінің бойында салынып жатқан 5 қабатты 121 «а»-үйдің 5-қабатынан жұмысшы, Өзбекстан азаматы құлап кетті. Алынған зақым салдарынан ол сол жерде көз жұмды. Жұмысшының жеке басы анықталуда.

***

Шілденің 22-де Көкарна (бұрынғы Курилкино) поселкесінің маңында Жайыққа шомылып жүрген 29 жастағы Атырау тұрғыны суға батып кетті. Дабыл сағат 19.55-те түскен, сүңгуірлер денені екі жарым сағаттан соң судан шығарып алды. Туыстары ТЖД-ға жігіттің суға сүңгіп кеткенін, содан шықпағанын хабарлады.

***

  Облыс бойынша 25 шілдеде екі дала өрті тіркелді. Жылыой ауданында Шоқпартоғай ауылдық округінің аумағында Қырықмылтық учаскесінде 155 гектар қураған шөптер өртенді. Исатай ауданында Тұщықұдық ауылдық округінің Айбас учаскесінде және Нарын ауылдық округінің Ескіүштоған учаскесінде даланың 11 мың гектар өсімдік қабаты өртенді. Өрттер сөндірілді, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

27 шілде 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.