Атырау, 26 сәуір 20:33
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Мысырда жоғалған қазақстандықтардан жат дін белгілері байқалмаған - ҚР СІМ

1 688 просмотра


Мысырда жоғалған қазақстандық студенттердің жүріс-тұрысынан жат дін белгілері байқалған емес. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Біздегі мәліметтерге сәйкес, алты қазақстандық студент 20 шілдеден бастап жақындарымен байланысқа шықпаған. Олардың екеуі 11 шілде күні екі айлық тілдік курстан өту үшін Каирге келген. Барлығы бір пәтерде тұрған. 20 шілдеден бастап олармен байланыс үзілген. Сол сәттен бастап қазақстандық дипломаттар іздеу шараларына кірісіп кетті. Қазақстанның Елшілігі Мысырдың Сыртқы істер министрлігіне қазақстандық азаматтарды іздеуге және қай жерде екендіктерін анықтауға жәрдем берулерін өтініп нота жолдады. Қазіргі уақытта қазақстандықтарды іздеу жұмыстары жалғасуда. Менің білуімше, олар «Нил» деп аталатын оқу орнында білім алып жатқан. Елшілігіміздің дерегінше, олардың жүріс-тұрысынан дәстүрлі емес діни сенім белгілері байқалмаған», - деді Жайнақов. 

Еске сала кетсек, Мысырда жоғалып кеткен Қанат Берікке Айбол Исабек есімді әлеуметтік желі қолданушы Facebook арқылы іздеу жариялаған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

25 шілде 2017, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.