Атырау, 26 сәуір 16:07
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Заңды білмей, салықты артық төлеген

1 992 просмотра

Өткен жылы Атырауда мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» марапатына ие көпбалалы аналар, соғыс ардагерлері және оларға теңестірілгендер жер, көлік, мүлікке қатысты 8 млн теңгеге жуық артық салық төлеген.

Атырау қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Әділет НҰРБАЕВ бұл олқылық осы санаттағы адамдардың өз құқықтарын білмеуі салдарынан орын алып отырғанын айтады. Өйткені, ҚР Салық Кодексінің 602-бабына сәйкес, аталған тұлғаларға салық төлеуде жеңілдіктер қарастырылған.

- Артық төленген салық төлемдерін кері қайтару мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасына ұсыным енгізілді, - дейді Ә. Нұрбаев.

Оның айтуынша, салықты артық төлегендер үшін бір мүмкіндік - өздерінің мәртебесін растайтын анықтамамен мемлекеттік кірістер басқармасына тиісті арыз жазу арқылы артық төленген салық сомаларын қайтаруға немесе алдағы жасалатын төлемдерді төлеу есебіне аудара алады.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

24 шілде 2017, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.