Атырау, 26 сәуір 19:11
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Бодан болуға дайын отырған мемлекеттің алғышарттары", "Өзбекстанның қазіргі билігі мен Қазақстан арасында жасырын бәсекелестік басталды", "«Цифрлық Қазақстан» болмақ елде IT мамандар тапшы", "Қытай неге Винни Пух, қоңыз және оразаға тыйым салды?"

2 216 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қытай неге Винни Пух, қоңыз және оразаға тыйым салды?" - Жексенбіден бастап Қытайдың әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде Винни Пухтың суреті ашылмай қалды. Желі қолданушыларының айтуынша, Алан Милнның балалар ертегісінің кейіпкері – томпиған аю Винни Пухтың суреттері мен стикерлерін іздесең, сурет ашылмай, оның орнына «бұл контент заңсыз» деген жазу шығады.

"«Цифрлық Қазақстан» болмақ елде IT мамандар тапшы" - Интернет қолданушысы елде қарапайым веб-сайт жасайтын адам табу оңай емесін айтады. Ал IT мамандарының сөзінше, ол салада бұдан басқа мамандар да жетіспейді.

"Оралман әйелді «терроризм» айыбымен елден шығармақ" - Моңғолиядан Қазақстанға 2011 жылы келген этникалық қазақ Ғазиза Октябрьге Қазақстан азаматтығы берілмейтіні хабарланған. Жергілікті билік өкілдері оның «теріс ағым өкілі» екенін, сондықтан «Моңғолияға депортация жасалатынын» айтады. Ал оралман әйел тарихи отанында қалуға таласып жүр, енді ол азаматтық алу үшін сотқа жүгінді.

INFORMBURO.KZ. "Этноауылды көрген де, көрмеген де арманда" - ЕХРО көрмесіне келген шетелдік туристерді міндетті түрде этноауылға апару керек. Қазақтың нағыз болмыс-бітімін, салт-дәстүрін толық паш ететін орын – осы жер.

ABAI.KZ. "Бодан болуға дайын отырған мемлекеттің алғышарттары" - Елдің ақпарат кеңістігіндегі қазақ тілінің үлесі соңғы ғасыр басталғалы 15-18% деңгейінде қозғалмай тұр. Бұл, мемлекеттік тілге деген мемлекеттік органдардың солақай саясатының салдары. Мысалы, елде шығатын 5 мыңнан астам газет-жорналдардың 550-дейі ғана қазақ тілінде.

"Алашорда қазаққа не берді?" - ХХ ғасыр басында қазақты біріктірген Алаш идеясы ХХІ ғасырда тәуелсіз Қазақ еліндегі Мәңгілік ел идеясынан бөлек қарастырылмайды. Алаш ­– тарихымыздағы елеулі кезең, болашақ күнде арман мемлекетімізге жету жолындағы тағылымды дүние. Осы орайда Алашты бүгін не үшін тануға тиістіміз деген сауал қоятын болсақ, оның кейбір жауабы мынада деп білеміз.

365INFO.KZ. "Қатонқарағайда 7 күн демалу 420 мың теңге! Бұл не баға?" - «Бүгін Мәдениет министрінің аузынан «Қазақ туризмі» атты жаңа ұлттық компанияның құрылғанын естідік. Жаңа акционерлік қоғам Қазақстанның туристік әлеуетін шет елдерде насихаттап, инвестиция тартумен айналысады екен», деп жазады Facebook-тегі парақшасында Нұрболат Туысбайұлы.

QAZAQTIMES.COM. "Өзбекстанның қазіргі билігі мен Қазақстан арасында жасырын бәсекелестік басталды" - Биылғы жылдың 23 наурызында  Астанаға Өзбекстанның жаңа Президенті Шавкат Мирзиеевтің сапарлай келуі барысында екі ел басшылары Өзбекстан мен Қазақстанның аймақтық ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды. 

JASQAZAQ.KZ. "Қазақ футболы «үйсіз» болмасын!" - Қазақстан кәсіпқой футбол федерациясы құрылып, өз алдына жеке чемпионат жүргізіп келе жатқанына ширек ғасырдың жүзі толды. Жігіттің жасындай уақыт аралығында спорттың осы түрін өткізетін жалғыз арена салынды. Қалғаны сонау 50-60 жылдардың шамасында салынған сапасы сын көтермейтін саңылауы көп алаңдар. Қазір Республика бойынша еуропалық стандарттарға сай екі алаң бар. Біріншісі – 2009 жылы бой көтерген 30000 көрермен қабылдауға қауқарлы «Астана Арена», екіншісі – 1958 жылы салынып, білікті мамандар арқасында әлі күнге сапасын жоймаған Алматының «Орталық» стадионы. Ал жоғары біріншілікке қатысып келе жатқан 10 ұжымның ойнайтын көгалдары көз көргісіз.

ҚАЗТАГ. "Рақым Ошақбаев: Ұлттық қор мен бюджетте қаражат қалмаған кезде ғана квазимемсектордан құтылатын шығармыз деген әсер қалады" - Биліктің квазимемсектордың экономикадағы үлесін төмендетуді ұлттық холдингтердің активтерін жекешелендіру арқылы өсудің бір итергіш күші ету ниетіне қарамай, ол керісінше, артып келеді. Ол аз десеңіз, банктердің шоттары мен депозиттеріндегі квазимемсектордың жинаған қаражаттары валюталық нарықты тұрақсыздандыру қаупін төндіріп отыр. Неге квазимемсектордың ЖІӨ-дегі үлесі артып келеді және ол неге апаруы мүмкін, ұлттық компаниялардың банктердегі қаражаттары айырбас бағамдары мен халықтың нақты кірісіне қандай ықпал етуі мүмкіндігі туралы біз, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, экономист Рақым Ошақбаевтан айтып беруін сұраған едік.

QAZAQUNI.KZ. "Есенберлинді сергелдеңге салған адамдар әлі де қатарымызда жүр" - Ілекеңнің (Ілияс Есенберлин) өмірінің соңғы жылдарындағы творчестволық жолында елеулі екі оқиға болды. Бірі оның ең құнды, ұлы туындыларының бірі, әдебиеттегі теңдесі жоқ ерлігі – «Көшпенділер» трилогиясы сол кездегі одақтық көлемдегі бағалаудың ең жоғарғы сатысы – Лениндік сыйлыққа ұсынылды. Осыған біз қуануымыз керек еді. Бірақ, біз қуанбадық. Қайта оған деген өшпенділік одан сайын өрши түсті. Бір күні Ілекең қалың былғары папкасын қолтықтап маған келді. Бұл Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен – Москва мен Ленинградтан, Сібір қалаларынан, басқа туысқан республикалардан «Көшпенділер» трилогисын мақтап, Лениндік сыйлық комитетіне жіберген рецензиялар, қолдау пікірлер, жеке адамдардың шынайы ниеті екен. Қазақстаннан бар-жоғы екі-үш облыстық газетке жарияланған шағын ғана рецензиялар жүр.


19 шілде 2017, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.