Атырау, 27 сәуір 06:50
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Ислам мемлекеті" ұйымының жаңа басшысының суреті жарияланды

2 431 просмотра


Al Arabiya телеарнасы "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының жаңа басшысы қызметіне тағайындалуы мүмкін тұлғаның фотосуретін жариялады. 

Таяу шығыстың бақ өкілдерінің болжалды ақпаратына сәйкес, Абу Бакр аль-Бағдадидің өлімінен кейін ұйымды оның жақын көмекшісі Джалалудин аль-Туниси (суретте) басқаруы мүмкін.  1982 жылы Тунисте дүниеге келген  Джалалудин аль-Тунисидің шын аты - Мухаммед Бен Салем аль-Ауни. Францияда ұзақ жылдар бойы тұрып, осы елдің азаматтығын алған ол, Тунисте революция өрті тұтанғаннан кейін, отанына оралған. Одан әрі Сирия асып, террористердің қатарына қосылған.

Маусым айының ортасында Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі  28 маусым күні Ресей ұшақтарының Ракки елдімекенінде лаңкестік топқа қарсы жасаған шабуылы нәтижесінде, "Ислам мемлекеті" ұйымының басшысы  - Абу Бакр аль-Бағдади өлуі мүмкін деп мәлімдеген еді. Кейіннен, Al Sumaria телеарнасы лаңкестік топ мүшелері басшысының өлімін растады деп хабарлады. Reuters агенттігі террористік ұйым басшысының өлімінің анық-қанығын тексеру мүмкін болмай отырғанын жеткізді. 

Ал күні кеше Ирактың барлау қызметі Абу Бакр аль-Бағдадидің өліміне күмән келтіріп, ол тірі және Сүрияның Ракка аймағында жасырынып жүруі мүмкін деген болжам ұсынды.

Дереккөз: qazaqtimes.com


17 шілде 2017, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.