Атырау, 26 сәуір 18:18
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

ЭКСПО көрмесіне баратын 11 500 оқушыға қаржы бар

3 044 просмотра

Жаздың ортасы да келіп жетті. Балалар қайда демалады? Ал, бұл туралы біз облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Злиха ДҮЙСЕКЕНОВАДАН сұрап білдік.

-Биылғы жылы түрлі типтегі лагерлермен 14 мыңдай бала қамтылып отыр. Басқарма өз кезегінде балалардың жазғы демалысын ғана ұйымдастырып қоймай, жоғары сынып оқушыларын жұмыспен қамтуда. Жасөспірімдер көгалдандыру, жөндеу бригадаларына, спорттық-туристік шараларға тартылды. Бұл негізінен жергілікті бюджет есебінен жасалып жатыр, дегенмен республикалық бюджеттен де қаржы бөлінуде. Биылғы жылы республикалық бюджет есебінен Көкшетаудағы лагерге 68 жолдама, Қапшағай қаласына 45, Алматы қаласындағы «Бөбек» лагеріне – 50 жолдама бөлінді.  Биылғы жылдың ерекшелігі сол - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне бару үшін облыстағы 11 500 оқушы үшін жергілікті бюджеттен 621 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күнге дейін көрмеге 2 мыңға жуық оқушы барып келді. Көрмеге баратындар тізімінде бірінші кезекте әлеуметтік осал топтағы балалар және түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болған оқушыларға басымдық беріліп отыр. Бұл еліміздің бас қаласын көрмегендер үшін үлкен мүмкіндік.

- Бюджеттен қаржы бөлінгені әрине жақсы. Одан басқа демеушілер бар ма?

- Иә, бар. Қаладағы ірі шетелдік компанияның демеушілігімен Италия елінде 40 асыраушысы жоқ және аз қамтылған отбасылардың балалары демалып келді. Шілде айында тағы бір ірі шетелдік компания 50 баланың Көкшетау қаласындағы «Балдаурен» лагеріне демалуына демеушілік көрсетті. Одан бөлек, жергілікті өңдірістік кәсіпорындар мен мекемелердің, мемлекеттік органдардың кәсіподақ ұйымдары тарапынан да жылда 15 мыңға жуық оқушының демалысы ұйымдастырылады.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

 

 

15 шілде 2017, 18:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.