Атырау, 27 сәуір 02:09
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Қазақстан оппозициясы қандай күйде?", "Білім саласындағы шығын мен сапаға қатысты бірер сөз", "Айдос Сарым: Детоталитаризацияны жүргізу үшін мықты ақпараттық саясат қажет", "Форекс – табыс мекені ме, әлде алаяқтар тобы ма?"

2 003 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қазақстан оппозициясы қандай күйде?" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл басында саяси реформалар жайлы үндеуінде "негізгі бағыт – демократия" деп жариялап, "парламент сайлауында жеңген партия үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал етеді" деп мәлімдеді. Одан бері мәжіліс және сенат сайлауы өтті. Бірақ оппозицияның белсенділігі білінбейді. Неге?

"Қытайдағы қазақтар әлі қудалау көріп жатыр" - Қытай билігі Шыңжаңда полиция тергеуінде қаза тапқан қазақ имамның жақтастарын қудалай бастады деп хабарлады «Азат Азия радиосы». Билік имамның өлімін «өзіне-өзі қол жұмсаған» деп түсіндірген.

ZHASALASH.KZ. "Қытайдан ба, биліктен бе?" - Қазақ қоғамы Қытай десе өре түрегеледі. Қашанғы әдеті. Біраз жыл бұрын күзге салым Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы саябақта өтетін мемлекеттік тілді қорғау митингілерінде де «Қытайға жер берілмесін!» деген ұрандар көтеріліп жататын. Ақыры сол «Қытайға жер берілмесіннің» соңы 2016 жылы бірнеше қаладағы үлкенді-кішілі шерулерге ұласты. Шерулердің аяғы немен тынғанын жұрт жақсы біледі. Бірақ қоғамның Қытайға қарсылығы артпаса, бәсеңсіген жоқ. Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасындағы әрбір мәселе үнемі жұрт назарында, қызу талқыланып жатады. Бұл жолы да солай болды.

"Білім саласындағы шығын мен сапаға қатысты бірер сөз" - Бәсекеге қабілетті еңбек күшін дайындау мектептегі оқудың сапасына тікелей қатысты. Экономикалық серіктестік және даму ұйымындағы (ЭСДҰ) өмір сапасын анықтайтын индекстердің бірінде 15 жасар оқушылардың арасында жүргізілетін PISA (Оқушы білімін бағалайтын халықаралық бағдарлама) тест қорытындысының болуы бекер емес.

INFORMBURO.KZ. "Форекс – табыс мекені ме, әлде алаяқтар тобы ма?" - Дағдарыстан кейін қазақстандықтардың қаржылық сауаты біршама өсті. Десе де, олардың білімі валюта нарығында сауда жасауға жеткіліксіз.

QAZAQTIMES.COM. "Өзім дегенді бұл үкімет неге өзекке тебеді?" - Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде Қытайдағы қазақтардың қудаланып, қысым көріп жатқаны жайында жиі-жиі жазылып, айтылып жүр. Тіпті биыл Астанада өткен Дүниежүзі қазақтары құрылтайында да осы мәселе көтерілді. Қытай қазақтарының қысым көріп жатқандығын Германиядан келген Өмірхан Алтын елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеткізді.  Президент бұл жайында бірінші рет естіп тұрғанын айтып, алдағы уақытта бұл мәселені шешу үшін тиісті орындарға тапсырма беретіндігінде мәлімдеген еді. Бұл әңгіменің айтылғанына да 20 күн өтті. Бірақ билік тарапынан саусағын қимылдатқан тірі жан жоқ. Барлығы үнсіз, барлығында да өлі тыныштық. 

SPUTNIKNEWS.KZ. "1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгерістер болады?" - 1 шілдеден бастап медициналық сақтандыру, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері, жалақы, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсетуде бірқатар өзгеріс болады.

ABAI.KZ. "Айдос Сарым: Детоталитаризацияны жүргізу үшін мықты ақпараттық саясат қажет" - Жақында елімізге Германия Президенті Вальтер Штайнмайер мырза келді. Ақордада ресми кездесу өткізіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен біраз мәселенің басын қайырды. Екі ел арасындағы саяси қарым-қатынас, экономикалық әм іскерлік байланыстар сөз болды. Екі Президенттің кездесуі позитивті болғандығын, емен-жарқын әзілдескенінен-ақ ұқтық.

"Бауыржан ИБРАГИМОВ: Министр Арыстанбек туралы менің де айтарым баршылық" - Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, ҚР еңбек сіңірген артисі, танымал талант Бауыржан Ибрагимовпен қазіргі таңдағы еліміздің мәдени өміріндегі өзекті мәселелер жөнінде сұхбаттастық. Әңгіме барысында қоғамда шу  көтеріп, әр түрлі пікірлердің айтылуына себеп болған   кейбір жайлар да назардан тыс қалған жоқ. Әуелі, әңгіме ауаны туп-тура мәдениет министрі А. Мұхамедиұлына қатысты кейбір жайлардан өрбіген болатын.

DALANEWS.KZ. "Бизнесті буындыру" - Тәуелсіздікті алғанымызға 25 жыл болды. Осы уақыт аралғында ең көп айтылған мәселе шағын және орта бизнесті дамыту болғанын бәріміз білеміз. Елімізде бизнесті қаржылай қолдау мен түрлі бағдарламалар көбейген сайын кәсіпкерліктің дамып кеткенін көрген жоқпыз. Қайта күн өткен сайын бизнестің белі еңкіш тартып келеді. Оны қарапайым төмендегі мына бір мысалдан-ақ аңғаруға болады.


13 шілде 2017, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.