Атырау, 26 сәуір 20:28
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Тал түстегі пышақтасу

Бейнежазба
3 399 просмотра

Әлеуметтік желілерде «Дина» базарының маңында кетіп бара жатқан адамға шабуыл жасаған бұзақының бейнежазбасы пайда болды. Шамамен бұл 1 шілдеде орын алған.

Түсірілім «Магнит» дүкенінің алдында тұрған көліктен түсірілген. Бейнежазбада шабуылдаушы орта жастағы ер адамға пышақ салмақ болғаны, әлгінің жалтарып, ақыры қолындағы жалғыз қорғаныс құралы - өзінің ұялы телефонын бұзақының бетіне лақтырғаны бейнеленген. Сол кезде көліктен түсірілген ролик жазбасы үзіледі. Алайда соңғы кадрларда көліктің бүйір айнасынан көмекке асыққан полицейдің сұлбасы көрінеді...

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ұсталушы 31 жастағы ер адам мас болған. Сауыққан кезде қолына пышақтың қайдан түскенін білмейтінін, есінде ештеңе жоқ екенін айтқан. Ол шабуыл жасаған 49 жастағы ер адам оған бейтаныс екен. Бұзақыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («ұсақ бұзақылық») бойынша хаттама толтырылды.

Ал егер оқиға орнына полицей келмегенде не болар еді? 


Разборка по-атырауски #Атырау | #zello_atyrau
Публикация от АТЫРАУ АВТО СООБЩЕСТВО#️⃣1️⃣ (@zello_atyrau)


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 шілде 2017, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.