Атырау, 26 сәуір 23:24
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Катар биржасының индекстері төмендеп кетті

1 648 просмотра

Фото: Kursiv.kz


Катардың акциялар нарығы жексенбі, 2 шілде күні капиталының біраз бөлігін жоғалтты. Бұған Катар мен төрт араб мемлекетінің арасындағы кикілжің себеп, деп жазды Bloomberg. 

RNS агенттігінің мәліметінше, Катардың Qatar Exchange Index қор биржасының индексі 2 шілде күні 2,31%-ға төмендеді. QE All Share Index 2,54%-ға, QE All Share Industrials —  3,36%-ға төмендеді. Акциялар құны мүлде түсіп кеткен QE All Share Consumer Goods & Services, бұл индекстің көрсеткіші 3,97%-ға төмендеп кетті. Сарапшылардың сөзінше, Катардың акциялар нарығында баға төмендеген жағдайда олардың құнды қағаздарын сатып алудың өзі қауіпті болуы мүмкін. Айта кетейік, осы жылдың 5 маусымында Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн, және Мысыр елдері Катармен дипломатиялық және сауда қарым-қатынасын үзген болатын. Содан кейін Qatar Exchange Index-і 11,9%-ға төмендеген. 

Араб елдері Катарға  «Мұсылман бауырлар», Ливан Қарулы Күштері, «Хезболла» және өзге ұйымдармен қарым қатынансты үзу, «әл-Жазира» телеарнасын тоқтату және Түркияның Катардағы әскери базаларын жабу секілді 13 түрлі талап қойған. Ал Катардың Сыртқы істер министрі Мухаммед бен Абдуррахман Аль Тани 1 шілде күні араб елдерінің қойған талаптарын жоққа шығарып, бірақ тиісті шарттар бойыншша диалог жүргізуге дайын екендерін мәлімдеген. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 

3 шілде 2017, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.