Атырау, 27 сәуір 02:44
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

АҚШ Донбастағы сепаратистерге қарсы жаңа санкция салды

1 796 просмотра


АҚШ қаржы министрлігі Украина шығысындағы сепаратистердің 30-дан астам сарбазы, жетекшілері мен одақтастарына қарсы жаңа санкциялар салғанын жариялады. Хабарлама Украина президенті Петр Порошенко Вашингтонға ресми сапармен барған кезде таралды. Порошенко мұнда АҚШ президенті Дональд Трамппен бірінші рет жеке кездеспек. Санкцияға Донецк мен Луганск облыстарындағы сепаратистердің жетекшілері мен сепаратистер жағында соғысуға адам тартатын жеке компанияны құрған Дмитрий Уткин де іліккен.

Киев Порошенко мен Трамптың кездесуін кәдімгідей өзгеріс деп атайды, себебі ол Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің алғашқы жеке кездесуінен бұрын өтпек. Трамп пен Путин келесі айда Германияда кездесуі тиіс. Ақ үй дегенмен Порошенконың сапарын аса жарияламады.

Украинада 2014 жылдың сәуірінде басталған қақтығыстан кем дегенде 10090 адам қаза тауып, екі миллионға тарта адам тұрғылықты жерінен көшуге мәжбүр болды.

Дереккөз: Азаттық

21 маусым 2017, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.