Атырау, 27 сәуір 07:17
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Палмер мен Куяновтың айқасы. Кімге сенеміз?", "Ашық күнде адасқан реформа", "Көмір лоббиі тұрғанда, Қазақстан жасыл экономикаға ауыса алмайды", "Мемлекеттік қызметші әдебінің түрленген кодекстері"

2 282 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Мемлекеттік қызметші әдебінің түрленген кодекстері" - Кей сарапшылар ертеректе құрылған әдеп жөніндегі уәкіл институты ережелеріне енгізілген түзетулер - мемлекеттік қызметшілер арасындағы «перманентті моральдық дағдарысты» мойындау әрі оны жеңуге тырысқан кезекті әрекет деп санайды.

"Орталық Азиядағы су электр станцияларын салу машақаты" - Мамыр айынан бастап Орталық Азиядағы су электр станциялары туралы көп айтыла бастады. Тұрғындар ғана емес, көктемгі қардың еруін бақылап, үйлер мен фабрикаларға жарық беру мәселесін талқылаған шенеуніктер де осы тақырыпты қозғады.

ZHASALASH.KZ. "Ашық күнде адасқан реформа" - Мәселе өзіне, яғни ірі саяси реформаға тірелгенде түк болмағандай кейіп танытып, аспанға қарап ысқырып жүретін билік халық қаражаты – зейнетақыға келгенде реформашыл, жаңашыл бола қалады. Құдай ақы, солай. Әйтпесе о баста түрлі жинақтаушы қорларға әркім өз таңдауынша бейнетінің бір бөлігін зейнетін көрермін деп жинап, ол жүйе енді ғана бауырын көтеріп, көшке ілесе бастағанда бәрін бір қорға біріктірер ме еді?!

"Жанболат МАМАЙ: «БОСТАНДЫҚТА КЕЗДЕСЕЙІК!»" - Қазақта «Ат жақсысын кермеден, ер жақсысын түрмеден көр» деген сөз бар. Бұл сөзді ұлт қызметі жолында тар қапасты көп көрген талай игі жақсы мен Алаш азаматтарына қаратып айтса керек. «Абақты қатар-қатар болады екен, Ішіне жаман-жақсы толады екен», – дейді Мәди. «Абақтыда айдан-күннен жаңылдым, Сар даламды сағындым ғой, сағындым», – дейді Мағжан. «Күні бойы тар камерада отырасың. Тас қабырғалар еңсеңді басады, күнде қайталанатын сұрқайлықтан шаршайсың. Бәрінен де уақыттың босқа кетіп жатқаны жаныңды қинайды. Түрмеде өткізген әр күнің желге ұшқан өміріңнің бөлшектері сияқты. Ең қиыны – қандай да бір қылмыс жасамай түрмеде отыру», – депті Жанболат Мамай абақтыдан жазған хатында.

"Арзандаған баспана бәрібір қымбат" - Алматыда 10 жылдан бері пәтер жалдап келе жатқан Шаиховтардың отбасы күн сайын хабарландыру қараумен уақытын өткізеді. Соңғы кездері олардың іздегендері табылғандай. Ресми статистика мен тәуелсіз агенттіктер де Шаиховтардың үмітін жаққандай. Krisha порталының сарапшысы Алина Буравцеваның есебінше, биыл былтырғымен салыстырғанда пәтер құны әжептеуір төмендеген.

INFORMBURO.KZ. "Көмір лоббиі тұрғанда, Қазақстан жасыл экономикаға ауыса алмайды" - Елордада "Жасыл энергия – жаңа экономика" деген ұранмен Астана экономикалық Х форум өтті. Сол жасыл экономика Қазақстанға қашан келеді?

ABAI.KZ. "Орыстың мәдениеті мола тонаудан басталған" - Ақыл-есі дұрыс пенде мойындайтын бір ақиқат бар. Егер əділдігі мен қайырымдылығында шəк жоқ Алла Тағала бұйыртып бір мемлекет, не бір адам ең жоғары, ең кəмілдікке жетер болса, ол соған ең алдымен өз ұлтының тілін, дінін, мəдениетін, тарихын, өз ұлтының салт-дəстүрін əбден меңгеру арқылы ғана жетеді. Ал өз ұлтының бұл киеліліктерін сақтамаған, не олардан бейхабар адам ешқашан алысқа қанат қаға алмайды. Олар ең əрі кеткенде қолында қаруы мен қаржысы орыстың тілінде сөйлеп, сол тілде өлең жазып, орыстың өзге ұлттан, мысалы қазақтан таңдап алған құрметті адамының бірі болып жүре береді. Əрине, тек көзі тірісінде ғана.

"Палмер мен Куяновтың айқасы. Кімге сенеміз?" - Өткенде  журналист Джеймс Палмер дейтін азамат  Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін сынап тастады. "Foreign Policy" журналына көлемді мақала жазып, Астанадағы ЭКСПО-ны иллюзияға теңеді. Көрме ғимараттарын "қаңырап тұр" деп, келді деген туристерді "келмеді" деді.

365INFO.KZ. "«Ғалымжан саған жау емес». Гүлжан Ерғалиева танымал жазушының сөзін тыңдар ма екен?" - Жақиянов пен Ерғалиеваның арасындағы дау жанжалға ұласа қойған жоқ әзір. Бірақ, қазіргі сөзсойқан соған әкелетін сыңайлы.

"«Ұлттық банктің төрағасы бар ғой…». Қайрат Келімбетов зейнетақы ақшасына қатысты шындықты айтты" - Жақында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалған Қайрат Келімбетов өзіне тағылған айыпқа қатысты өз шындығын айтты.

TURKYSTAN.KZ. "Ұлттық брендті  ілгерілетудің  жаңа  белесі" - Көптен күткен күн келіп жетті: ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің шымылдығы ашылды. Он жеті мемлекеттің басшысы мен халықаралық ұйым жетекшісі куә болған салтанатты шара Астананың аспанын ораған отшашуға ұласты. Жүз он бес мемлекет пен жиырма екі халықаралық ұйым павильон құрған ЭКСПО қалашығы заманауи өнертапқыштық идеялар мен инновациялық жаңалықтардың жарыс алаңына айналғаны  сөзсіз.

QAZAQTIMES.COM. "Алдағы 10 жылда қажетсіз болып қалатын мамандықтар" - Уақыт өте келе ғылым мен техналогияның дамуы адамның физикалық еңбегін жеңілдетіп отыр. Болашақта, көптеген қызмет көрсету орындарындағы адамдарды роботтар да алмастыруы мүмкін. Бұған дәлел, Дубайда ХҚКО мамандардың жұмысын арнайы роботтар атқара бастаған. Демек, роботтар мен техналогиялар өміріміздің бір бөлшегіне айналып барады. Енді алдағы 10-15 жылдың көлемінде нарықтан кететін және толықтай заманауи техналогиялық жабдықтармен алмастырылатын қызмет түрлерін іздеп көрейік.  

20 маусым 2017, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.