Атырау, 26 сәуір 20:06
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Порошенко Трамппен кездесуге АҚШ-қа ұшып кетті

2 112 просмотра


Украина президенті Петр Порошенко АҚШ-қа сапарлап ұшып кетті деп мәлімдеді оның баспасөз хатшысы Святослав Цехолко Twitter-де. 

Бірқатар БАҚ бұған дейін Порошенко осы аптада АҚШ президенті Дональд Трамппен жеке кездесетінін хабарлаған. Трамп бірнеше күннен соң Гермнаияның Гамбург қаласында "Үлкен жиырмалық" елдерінің саммитінде президент болып сайланғаннан бері бірінші рет Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспек.

Порошенко АҚШ-қа кеткен тұста Украина шығысында бітім жарияланғанына қарамастан әскери іс-қимылдар күшейе бастағаны хабарланып жатыр. 13 маусымда БҰҰ Украинаның шығысында қақтығыс басталған 2014 жылдың сәуірінен бері кем дегенде 10090 адам, оның ішінде 2777 бейбіт тұрғын құрбан болғанын мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық

20 маусым 2017, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.