Атырау, 26 сәуір 22:31
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"«Бандыны» қуған Мәсімов...", "Дәурен ЖОЛДЫБЕК: Банктер халықты қалай алдайды?", "EXPO-ға келгендер ас-су бағасын сынады", "ФРЖ базалық мөлшерлемені көтерді. Енді теңге әлсірей ме?"

2 453 просмотра

ZHASALASH.KZ. "«Бандыны» қуған Мәсімов..." - Қазір банды деген де заманға сай бейімделіп алыпты. Бұрын банды десе БМВ мінген, көзге қара көзілдірік таққан, ұрда-жық мінезді алпамсадай жігіттер елестеуші еді. Қазір бұлар да дүние жинап, байлыққа қол жеткізу жолындағы баяғы әдіс-тәсілдерін өзгертіп, елден ерекшеленбей-ақ табысы мол жерлерге тұмсығын сұғып, бар-жоғы білінбей қарапайым өмір сүруге көшіпті. Тіпті қолға алған кәсіптерінің болашағын баянды ету мақсатында құқық қорғау органдарының басшыларымен байланысып, олардың кейбірін өз қатарына қосып алыпты. Кейбірінің кәсіпкерлік саласында бағы жанған...

"Дәурен ЖОЛДЫБЕК: Банктер халықты қалай алдайды?" - Англияда білім алып, Ұлттық банкте біраз уақыт қызмет атқарған қаржыгер Дәурен Жолдыбек «Қазақстандағы банктерді жауып тастау керек» дейді. Ол өзінің бұл ойын «Жас Алашқа» былай түсіндіреді.

"Ресей мөңкіп жатыр: «ПУТИН, КЕТ!»" - Орыс халқы тағы да шерулетті. 12 маусым – Ресейдің тәуелсіздік күні Мәскеу, Петербор және Ресейдің он шақты ірі қаласында жемқорлыққа қарсы митинг болды. Бұл митинг 26 наурыздағы шерудің жалғасы. Екі шеруге де себеп болған оппозиционер Алексей Навальный тобының Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведовтің жемқорлыққа қатысы бар-мыс делінген «Ол сендерге Димон емес!» атты фильмі еді.

AZATTYQ.ORG. "EXPO-ға келгендер ас-су бағасын сынады" - "Астана EXPO-2017" көрмесін тамашалауға келген адамдар көрме алаңындағы сусындар мен тамақтың бағасын қымбат десе, тамақтандыру орнының өкілдері бағаның ыңғайлы екенін айтады.

"Әскерилерге баспанаға ақша жинауды ұсынады" - Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің баспана мәселесін «тұтынушылық жүйеден жинақтау жүйесіне көшу» қарастырылған жаңа модель арқылы шешуді ұсынады. Бұл модельге сәйкес, әскерилер баспана сатып алу үшін банктен есеп-шот ашып, ақша жинауы тиіс. Сарапшылар жемқор басшыларға пәтерден гөрі ақша ұрлау оңайырақ деп санайды.

INFORMBURO.KZ. "АҚШ-та Қазақстанның дипломымен де жұмыс істеуге болады" - Таразда оқыған қазақ баласы Нью-Йорктағы SIB Portfolio Advisors компаниясында жұмыс істейді. "Еңбекқор болсаң, қай жерде де сыйлы орныңды табасың" – дейді ол.

ABAI.KZ. "Советтік мансап иелері Тәуелсіз қазаққа тұтқа бола алмайды" - «Түркістан» газетінің былтырғы 1-желтоқсандағы санында Ақниет Оспанбайдың Балжан Бөлтірікқызының туғанына 95 жыл толуына орай  «Қазақ дипломатиясының ханшайымы» атты мақаласы  жарық көрді. Иә, Балжан Бөлтірікқызының дипломат болғанына, министр болғанына, советтік өкіметтің белгілі өкілі болғанына ешкім дау айта қоймас. Бірақ, ол ешқашан Қазақ дипломатиясының ханшайымы бола алған емес. Тәйір-ай, ол кезде Қазақстанда қандай дербес дипломатия болып еді? Ендеше мақтап - марапаттау дегеннің де шегі, өлшемі, тағылымдық-тәрбиелік мән-мағынасы болатынын тұлға танушылар білуге, ескеруге тиіс еді.

"Жемқорлықпен шетел асқан 1700 адамның бәрі - орыстілді" - Тарихқа жүгінсек, ХХ ғасырға дейін Қазақстанда қазақ, өзбек, ұйғыр және  азғантай ғана  отарлаушы  орыстан басқа көп ұлт болмаған.  Ал кейін Ресейдің өзге ұлттарды  репрессиялап,  Қазақстанға әкеп төгіп  тастағанына, қазақ  кінәлі емес. Қазір Ресей ең  көпұлтты ел. Ресейде  400-ден астам ұлт тұрады.   Ресей оларды жаулап алған, бірақ қазақтарға ұқсап біз көпұлтты елміз демейді. Олай десе,  орыстар да сол көпұлттың бірі болып қалар еді. Ресей Президенті  немесе Премьері мен Думасы түгіл ешбір мас орыс өзінің рухын әлсірететін, орыс баласының санасын улайтын ондай  ақылсыздық  сөзге жол бермейді. Жириновскийдің «Ресейде  орыстан басқа ұлт жоқ» деп көкезуленіп көпіріп тұрғанын  Путин рахаттанып отырып тыңдайды. Қазақстанда тұратын өзбек, әзірбайжан, ұйғыр, татар, түрік, дұңған, чечен түгел қазақша сөйлей де, жаза да алады. Орыстан басқалар, әсіресе немістер мен корейлер қазақшаны тез-ақ үйреніп алады. Ол аз болса, Қазақстан халқының 70%-дан астамы қазақтар.

QAZAQTIMES.COM. "ФРЖ базалық мөлшерлемені көтерді. Енді теңге әлсірей ме?" - АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі америкалық валютаға қатысты базалық мөлшерлемені 1%-дан 1,25%-ға дейін көтерді. ФРЖ-ның мәліметінше, пайыздық мөлшерлеме алдағы уақытта 1,375%-ға көтеріліді. Ұйым осы жыл ішінде мөлшерді осымен екінші рет көтеріп отыр. 

AIKYN.KZ. "Владимир Путин: біз Мәскеуді халифатқа айналдыра алмаймыз" - Қазіргі таңда америкалық Showtime  телеарнасында «Путинмен әңгіме» атты деректі фильмнің екінші сериясы жүріп жатыр. Америкалық режиссер Оливер Стоун Мәскеуге бірнеше рет келіп, Ресей басшысымен әңгімелескені белгілі.  Қазіргі кезде америкалықтар аталған деректі фильмге екі ұдай көзқараста.


15 маусым 2017, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.