Атырау, 27 сәуір 06:45
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Кәсіпкерлер орталық алаңнан қуылды

Бейнежазба
4 221 просмотра

Бүгін, 7 маусымда Instagram желісінде Атыраудағы Исатай мен Махамбет алаңында полицейлердің профилактикалық операцияларына кездейсоқ куәгердің түсірген бейнежазбасы жарияланды.

Гироскутерлерді (аккумуляторлы екі дөңгелекті скутерлер) жалға берген бір жігітті полицейлер қызметтік «Нива» көліктеріне әзер деп мінгізуде. Ал үстінде арнайы формасы жоқ ер адам басқа бір жігіттен гироскутерді алып қоюға әрекеттеніп жүр. Оған жолдастары көмектесуде. Мұның бәрі көпшіліктің көз алдында болып жатыр.

Что происходитПочему забирают #Атырау #zello_atyrau
Публикация от АТЫРАУ АВТО СООБЩЕСТВО#️⃣1️⃣ (@zello_atyrau)

ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, Атырауда сауда және демалысты ұйымдастыруға рұқсат етілген 4 қоғамдық орын бар. Олар: С.Мұқашев атындағы және Қ.Смағұлов атындағы бульварлар, Авангардтағы демалыс бағы және Жилгородоктағы «Мұнайшы» стадионының алды. Исатай мен Махамбет алаңында кез келген сауда жасауға тыйым салынған.

- Орталық алаңда гироскутерлерді жалға беруші тұлғаларға бірнеше рет ескерту берілді. Олар бұған құлақ аспады. Нәтижесінде екі адам ҚІІБ-не жеткізілді, онда оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-бабы бойынша (заңсыз сауда) хаттама толтырылды, - деп ахуалды түсіндірді Н.Қайсағалиева.

Жүргізген кезде тепе-теңдікті сақтай білу қажет мұндай екі дөңгелекті скутерлердің базардағы бағасы 50-80 мың теңгенің көлемінде. Сапасына және өндіруші маркасына байланысты анағұрлым қымбат тұратындары да бар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 маусым 2017, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.