Атырау, 27 сәуір 10:01
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Савченко: Билік саяси қозғалысымды тіркемей отыр

2 065 просмотра


Украиналық бұрынғы ұшқыш Надежда Савченко Украина әділет министрлігі өзінің жаңа саяси қозғалысын тіркеу өтінішін орындамай отырғанын мәлімдеді. Савченко бұл туралы 25 мамыр күні - Ресей түрмесінде екі жыл отырып, тұтқын алмасу келісімі бойынша босатылғаннан тура бір жылдан соң өткізген баспасөз конференциясында айтты. Ол бірнеше күн бұрын польшалық басылымға берген сұхбатында "елі үшін жауапкершілікті мойынға алуға және 2019 жылы өтетін президент сайлауына түсуге әзір" екенін мәлімдеген.

Савченко өзінің жаңа "Надежда Савченконың қоғамдық-саяси платформасы" деп аталатын саяси қозғалысын құрмақ болған. Бірақ оның сөзінше, әділет министрлігі "қандай да бір комментарий я түсініктеме бермей, өтініш пен телефон қоңырауларына да жауап берместен партияны тіркемей отыр". Украина әділет министрлігі Савченконың бұл шағымына әзірге жауап қатпады.

Савченко саяси қозғалысы тіркелмесе сайлауға қатыса алмайды және президенттікке кандидат болу мүмкіндігі азаяды. Украинада ендігі парламент және президент сайлаулары екі жылдан соң өтуі тиіс. "Разумков орталығы" жүргізген сауалнама қорытындысына қарағанда, егер сайлау осы айда өткенде, Савченко небәрі бір-екі пайыз ғана дауыс жинаған болар еді.

Дереккөз: Азаттық

26 мамыр 2017, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.