Атырау, 27 сәуір 06:38
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстанда саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналған үлкен жоба іске қосылады

5 518 просмотра


Қазақстанда саяси репрессия құрбандарына арналған жоба іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Биыл Елбасының саяси репрессия құрбандарын еске алу туралы жарлыққа қол қойғанына 20 жыл толады. Осы уақыт аралығында Қазақстанда түрлі шаралар өтіп келеді. 

"Қазақстанда мамырда екі алапат қайғыны еске алады: 9 марыр және 31 мамыр. Бұл шаралардың басты идеологиясы - басымыздан кешірген бұл ауырлықтарды ұмытпау. Ұлт зиялылары ғана емес, жүз мыңдаған қарапайым халық та бұл зардапты көрді. КАРЛАГ және АЛЖИР-де бүкіл Кеңес одағынан көптеген адам қамауда болғанын да естен шығармау керек", - деді ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар" арнасындағы "Ашық диалог" жобасының эфирінде. 

Министрдің пікірінше, бұл тақырыпқа бірінші кезекте БАҚ көңіл бөліп, бұл зардаптың ауқымдылығын көрсете білуі керек. Бұл залаладың құрбандарын ұмытпас үшін.  "Біз National Digital History атты үлкен жобаны іске қосамыз, ол саяси репрессияның барлық құрбандарына арналады", - деп аяқтады Абаев.

Дереккөз: Tengrinews.kz


26 мамыр 2017, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.