Атырау, 27 сәуір 08:58
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Қазақстанда президент сайлауы «жекешелендіріле» ме?", "Кінәлі – Келімбетов...", "Теңге бағамы АҚШ Федералдық сақтық қор жүйесінің саясатына тікелей тәуелді", "Өзбекстан аймақтық интеграцияны бастады ма?"

2 314 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Өзбекстан аймақтық интеграцияны бастады ма?" - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев сайлау алдында берген уәделерінің бірін орындауға кіріскендей. Бұл елдің алғашқы президенті Ислам Каримов 2016 жылы қыркүйекте бақилық болып, оның орнына келген жаңа басшы Өзбекстанның Орталық Азиядағы көршілерімен қарым-қатынасын жақсарту «басты мақсаты болатынын» айтқан.

"«Міндетінен тыс жұмысқа жегілген» ұстаз «тепкіге жығылғанын» айтады" - Шымкенттегі Нұртас Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы мұғалімі Гүлжан Сәлімбаева «міндетінен тыс жұмысқа тартылғанын және мектеп басшылығынан қысым көргенін» айтады. Ал мектеп басшылары мұғалімнің қысым көргенін жоққа шығарады. Қалалық білім бөлімі мектептерге тұрғындардың әлеуметтік статусын анықтауға тапсырма берілгенін растады.

INFORMBURO.KZ. "Теңге бағамы АҚШ Федералдық сақтық қор жүйесінің саясатына тікелей тәуелді" - Жаңа ғасырмен бірге басталған "голланд ауруы" Қазақстанда 2014 жылы асқынбағанда, өзге экономикалық секторларға бүгінгідей басымдылық берілмеуі мүмкін еді.

ZHASALASH.KZ. "Қазақстанда президент сайлауы «жекешелендіріле» ме?" - Ендігі жерде жеке азамат президент болуға үміткер атана алмайды. Президент болуға үміткерлерді тіркеуден өткен қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар ғана ұсына алады. Және ол үміткердің мемлекеттік сайланбалы қызметте бес жыл жұмыс істеген еңбек өтілі болуы тиіс. «Қазақстанның кейбір конституциялық заңдарына өзгеріс енгізу туралы» заң жобасындағы «Сайлау туралы» конституциялық заңның 55-бабына енгізілген өзгерістерде осындай жаңалық бар. 24 мамырда мәжіліс бұл заң жобасын – Қазақстан президенттігіне үміткерлерге қосымша талаптар қоюды қарастыратын кейбір заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы конституциялық заң жобасын мақұлдады.

"Кінәлі – Келімбетов..." - Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев 10 тәулік ойланып, толғанып алған соң, Әзірбайжанның дефолт болған банкіне салынған 71,3 млрд теңгенің дауына қатысты.

ABAI.KZ. "Рухани жаңғыру айы – Рамазан құтты болсын!" - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫНЫҢ қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі.

"Тіл өлмейді. Алайда, тілді қолдамаса, дамымайды" - Орталық Азияда ең ашық, ең инновацияшыл, ең реформашыл ұлт біз, қазақтармыз. Жаңалықтарға бейімделе алу қабілеті жағынан да көршілерден көш ілгеріміз. Тіпті реформаның өзін реформа үшін жасаймыз. Ал шын мәнінде кез келген реформаның  басты мақсаты - халықтың әл- ауқатын көтеру, өмір ұзақтығы, денсаулығы мен рухани саулығын сақтау.  Әркім адамды бірінші орынға қоятын және оны ең жоғары құндылық деп қарастыратын мемлекетте өмір сүргісі келеді...

QAMSHY.KZ. "Қазақ қыздарының ар-ұятын 150 000 теңгеге бағалап жүрген кім?" - Менің мектеппен қош айтысқаныма келер жылы бақандай 10 жыл болады екен. Сүйкімділігімді білмедім, бірақ Төреғали ән арнап жүрген біртүрлі қыз мен екенімді 100% білемін. Себебі қыз-жігіттер білім ордасын қимай, көз жастарын ақырын сүртіп тұрғанда мен бұл сәт қашан аяқталар деп армандап тұрдым. Мектеп бітіру кешіне көйлек іздеп, сары уайымға салынбадым. Алматыдағы әпкемнің қоңыр көйлегі шақ келді, соны місе тұттым. Бір көйлекке сонша ақша жұмсап не қыламын деп ойладым. Сыныптастарыммен қыдырмадым да. Тіпті бітірушілер альбомын да сатып алмадым. Фотоальбомдарды жинап алып, шаң басқызып қоямыз. Сағынбайтыныма сенімді болғандықтан альбомға шығындалуды ақымақ көрдім. Қысқасы, ата-анама артық салмақ түспеді. Олар «уф» десті, мен «чао» дедім мектепке...

TURKYSTAN.KZ"Қазақ ата кәсібіне орала ма?" - Ежелден мал шаруашылығын кәсіп еткен қазақтың қорасы қарадан, қазаны еттен босаған емес. Қызыл тістемесе ас ішкен құрлы болмайтын халқымыз «ет дегенде бет бар ма» дейді әзіл-шынын араластыра. Десе де, соңғы уақытта ел тұрғындарының ет тұтыну көрсеткіші айтарлықтай кеміген. 2015 жылы Қазақстанда жан басына шаққанда 58,6 келі ет желінсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 53,8 келіге дейін азайған. Мамандар мұны 2016 жылы ет бағасының күрт қымбаттауымен түсіндіреді. Жуырда еліміздің 9 облысынан Қытайға жылқы, сиыр еті тонналап жөнелтіле бастайды. Яғни ет құны тағы да көтеріледі деген сөз. Бұған нәсібін осы кәсіптен тауып отырған шаруалар қуанғанымен, етті базардан келілеп сатып алатын қарапайым тұтынушылардың уайымы күшейді.

"Екі елге «көпір» болған Қорғас" - Бүгінде еліміз іргелес жатқан көрші мемлекеттермен жан-жақты байланысты жақсартып келеді. Әсіресе, Қазақстан мен Қытай арасында экономикалық салада екіжақты мықты әріптестік орнағаны белгілі. Соның бір дәлелі ретінде шекаралас аумақта бой көтерген «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының құрылғаны көпке мәлім.



25 мамыр 2017, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.