Атырау, 26 сәуір 23:41
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

ҚР БҒМ мемлекеттік органдардан қазақстандықтарды EXPO билеттерін сатып алуға мәжбүрлемеуді сұрады

1 925 просмотра


ҚР БҒМ мен ЭКСПО басшылықтары халықаралық көрме билеттерін сатып алуға мәжбүрлемей, алдағы шараны барынша әйгілеуге шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Білім және ғылым министрлігі мен ЭКСПО басшылықтары жергілікті атқарушы органдардың, басқа да ұйымдардың басшыларын мұғалімдерді көрме билеттерін сатып алуға мәжбүрлемеуге шақырады. Өз тарапынан ҚР БҒМ көрме билеттерін сатып алуға байланысты қандай да бір бұйрық жасамағанын, сонымен қатар мұндай әрекеттерге қарсы екендігін жеткізеді. 

Министрліктің бұл жайындағы позициясы айқын:  халықаралық көрме басталар алдында ауқымды түсіндіру және насихаттау жұмыстары жүргізіліп, шараның мәні мен маңызын, оның заманалық һәм әлемдік деңгейдегі оқиға екендігін жеткізіп, көпшіліктің шынайы қызығушылығын тудыру қажет", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Сондай-ақ, олардың айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесі әрбір қазақстандықтың мақтанышына айналуы тиіс, сондықтан да көпшіліктің осынау әлемдік маңызы бар ауқымды шараның өткізілу құрметі еліміздің еншісіне тигендіктен, оған қатысу ниеті, билеттерді сатып алуы - патриотизмнің белгісі. Шын мәнінде, қазақстандықтар өз жерінде бұрын-соңды болмаған шараға қатысып, көрме павильондарын көріп, отандық қана емес, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу ниетін білдіріп, дайындалып жатқан елдердің мәдениет, экономика, ғылым, жаңа технологиялар - қай салалары болмасын, бүгінгі ең үздік үлгілерімен танысудың бірден-бір мүмкіндігіне ие болып отыр. Астана осынау дүбірлі оқиғаның басталуын тағатсыздана күтіп, ғаламат дайындық жұмыстарын аяқтап жатыр: айтулы шараға қажетті, халықаралық стандарттарға сай инфрақұрылымды құру жұмыстары да аяқталып келеді. ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысам деген әрбір адам үшін есік кеңінен ашылмақ!", - деді министрліктегілер.

Дереккөз: Tengrinews.kz

24 мамыр 2017, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.