Атырау, 27 сәуір 00:05
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Үстеме ақысыз балық-2

3 553 просмотра


Сәуірде Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «АЖ» сайтында тұрғындар үшін балық бағасының қолжетімділігі туралы сауалнама жүргізген еді. Оған 1300-дей респондент қатысып, қорытынды жасалды.

Сауалнамаға қатысушылардың 80 пайыздан астамы балықтың жетіспейтіндігін, бағаның қымбат екенін және сауда орындарының тапшылығын көрсеткен. Өз кезегінде прокуратура кооператив аулаған бүкіл балықтың 94,3 пайызы экспортқа жіберілетінін анықтады. Облыс орталығы тұрғындарының төрттен бірі (70 мыңнан астам адам) қала маңындағы ауылдық округтерде тұрады, ол жерде бірде бір арнайы сауда нүктелері жоқ. Бұл нарықты қала базарларында табиғат пайдаланушылардан нақты сатып алынатын балық көлемін салық органдары үшін азайтып көрсететін алыпсатарлар қамтыған. Осыған байланысты мемлекеттік кірістер департаментінің мамандарына камералдық бақылау жүргізіп, нақты шаралар алу тапсырылды.

Сонымен қатар, әкімдік, базар әкімшілігі мен табиғат пайдаланушылар ынтымақтастық туралы үшжақты меморандум жасады. Сауда орындары үшін төлемақыны азайту және автодүкендерде сауда жасауға рұсқат беру туралы мәселе шешілді.

Қазіргі кезде балық Атырауда 11 сауда нүктесінде сатылады: 1. Авангардтың соңғы аялдамасы. 2. «Бриз» кафесінің жанында, Жилгордок. 3. «Болашақ» дүкенінің қасында, Б.Момышұлы көшесі, 17. 4. «Лидер» дүкенінің қасында, Жұлдыз ықшамауданы. 5. Нұрсая ықшамауданындағы №6 үйдің жанында. 6. Геолог поселкесінің соңғы аялдамасы. 7. «Дина» базарының балық бөлімі. 8. «Айжан» дүкенінің жанында, Құнанбаев көшесі, Балықшы. 9. Алмагүл ықшамауданындағы №15 үйдің жанында. 10. Облыстық әкімдік алдындағы айлақта. 11. Смағұлов аллеясының алдындағы айлақта. 

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы

24 мамыр 2017, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.