Атырау, 26 сәуір 15:35
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Президент туралы» Конституциялық заңнан Елбасының бiрқатар заң шығару функциясы алынып тасталмақ

2 784 просмотра


Бүгiн Мәжiлiсмендер «Қазақстанның кейбiр конституциялық заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Конституциялық Заңының жобасын қарады. Заң жобасымен ҚР Әдiлет министрi Марат Бекетаев таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Конституциялық заң жобасы Президенттің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген. Ол жеке конституциялық заңдарды Конституциядағы түзетулерге сәйкес келтіруге бағытталған. Өзгертулер 8 Конституциялық заңға енгізіледі. Атап айтсақ, «Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Республикалық реферндум туралы», «Үкiмет туралы», «Президент туралы», «Конституциялық Кеңес туралы», «Тұңғыш Президент - Елбасы туралы, «Сот жүйесi мен судьялардың мәртебесi туралы» заңдар», - дейдi Бекетаев.

Министрдiң айтуынша, «Президент туралы» Конституциялық заңда Президенттің өкілеттіктері конституциялық түзетулерге сәйкес келтіріледі. Атап айтқанда, Президент Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсыныс негізінде Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды.

Сонымен қатар, Парламент депутаттары Конституцияда бекітілген тәртіппен Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы өтініш жасаған жағдайда, Президент оны қызметінен босатады. «Президент туралы» Конституциялық заңнан Президенттің келесі заң шығару функциялары алынып тасталады: заңдық күші бар Жарлықтарды шығару, заң жобасын шұғыл деп жариялау, Үкiметке заң жобасын Мәжiлiске енгiзудi тапсыру және Үкімет актілерінің күшін жою.

«Тұңғыш Президент - Елбасы туралы» Конституциялық заңында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің «Елбасы» ретіндегі атауы мен мәртебесіне қатысты түзетулер енгізіледі. Ал «Сайлау туралы» Конституциялық заңында сайлаушылар мен сайлау үдерісіне қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түзетулер көзделген. Президенттікке кандидатқа қойылатын қосымша талаптар енгізіледі. Олар: мемлекеттік қызметте немесе сайланатын мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл тәжірибесінің болуы, міндеттерін орындауға кедергі болатын аурулардың жоқтығын растау. Ол үшiн кандидат медициналық куәландырудан өтуi тиiс», - дедi Заң жобасымен таныстырған Әдiлет министрi.

Дереккөз: Baq.kz

24 мамыр 2017, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.