Атырау, 27 сәуір 04:09
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Маңғыстауда шенеунік қара уылдырық түрінде пара алды деген күдікке ілінді

5 418 просмотра


Маңғыстау облысы бойынша орман шаруаршылығы және жануарлар әлемі инспекциясы басшысының орынбасары облыс тұрғынынан пара ретінде бекіре тұқымдас балықтың уылдырығын бір келі көлемде алған деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tumba.kz Ақтау қалалық сотына сілтеме жасап. 

Іс материалдарына қарағанда, 19 мамырда облыс тұрғыны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша ұлттық бюросына хабарласып, ведомство басшысы орынбасарына қатысты шара қолдануын сұраған. Жергілікті тұрғынның айтуынша, ол пара ретінде бір келі балық уылдырығын алған. 

"19 мамырда шамамен сағат 17.50-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері 11-ықшамаудандағы №38 үйде жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында 280 мың теңге көлемінде балық уылдырығын пара ретінде алған Маңғыстау облысы бойынша орман шаруаршылығы және жануарлар әлемі инспекциясы басшысының орынбасарын ұстады", - деді Ақтау қалалық сотындағылар. 

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу басталды. Күдікті ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес, Ақтау қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басылымның мәліметінше, 22 мамырда сот оны оны бір ай қамауда ұстау туралы шешім қабылдады. Соттағылардың айтуынша, күдіктінің адвокаты соттың шешіміне шағымдана алады.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


24 мамыр 2017, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.