Атырау, 26 сәуір 22:38
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Емші науқасты өлтіріп алды

5 016 просмотра

Атырау облысы Махамбет аудандық сотында өзгеше қылмыстық іс қаралды. ІІ топтағы мүгедек әйел көп жылдардан бері полиартритпен ауырып, төсекке таңылып жатқан. Ұлы анасының азабын жеңілдетпек болып, оған емші іздеп табады.

Емдеу сеансы кезінде емші әйелдің ауру аяғын күшпен тартып қалып, тізесін қолымен басады. Бейшара әйел ауырсынғаннан есінен танып қалып, «жедел жәрдеммен» аудандық ауруханаға жеткізіледі. Сол жерде травмалық шоктан көз жұмады.

Сот ісі барысында сотталушының, оның адвокаты мен аудандық прокурордың арасында кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімі жасалады. Аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушы ҚР ҚК-нің 104-бабы («Абайсызда қазаға ұшырату») бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды. Бұдан басқа, одан сараптама шығындары өндіріліп алынды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 мамыр 2017, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.