Атырау, 27 сәуір 04:07
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қызылордада бетон құбыры жұмысшылардың үстіне құлаған

2 448 просмотра


14 мамырда кешкі уақытта Қызылордадағы жергілікті жылу электр станциясында түтін құбыры екі жұмысшының үстіне құлап кеткен. Зардап шеккендердің бірі Облыстық медицина орталығына жеткізілді, екіншісі қирандылар астында қалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қызылорда облыстық ТЖД жедел тобының техникасы мен қызметкерлері, Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының, облыстың Өрт сөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері тартылды. Қазіргі уақытта 60 құтқарушы жұмыс істеп жатыр, оннан аса дана техника мен екі кинологиялық ит жұмысқа тартылған", - делінген хабарламада. 

15 мамырда түнгі уақытта жергілікті сағат 3.45-те Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы демонтаж бойынша жұмыс істеп жатып, қиранды астында қалған екінші жұмысшының мәйітін тапты.


Дереккөз: Tengrinews.kz

15 мамыр 2017, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.