Атырау, 26 сәуір 16:33
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Дәрігерлерге қатысты сот болып жатыр

4 293 просмотра


Бүгін, 12 мамырда №2 қалалық сотында Атырау қалалық перзентхананың дәрігерлері мен акушеріне қатысты сот процесі басталды. Екі акушер-гинеколог пен олардың акушер-көмекшісі ҚР ҚК-нің 317-бабының 3-тармағы («Медицина жұмыскерiнiң адам өлiмiне әкеп соқтырған кәсiптік мiндеттерiн орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы») бойынша айыпталуда.

Әңгіме 2016 жылдың желтоқсанында дәрігерлер Индер ауданынан Атырауға жіберген Гүлдана ЖЕКЕНОВА туралы болып отыр. Алдымен әйел облыстық перинаталдық орталыққа түскен, алайда оны келесі күні ол жерден шығарып жіберген. Сол күні қалалық перзентханаға түсіп, ол жерде жатырдың жарылуынан көз жұмады. Жакенова мен оның дүниеге келмеген сәбиінің өлімін тексеруші арнайы комиссия медиктер жұмысынан ұйымдастыру-тактикалық және емдеу-диагностикалық сипаттағы, сонымен қатар, медициналық құжаттаманы ресімдеу бойынша бірқатар заң бұзушылықтар анықтаған. Мұның бәрі үш емдеу мекемесінен анықталды: Есбол амбулаториясынан, облыстық перинаталдық орталықтан және қалалық перзентханадан.

Жүкті әйелдің өлу фактісі бойынша тексеру актісі ІІД-ге берілді. Тергеуден кейін іс сотқа жолданды. Сотталушының үшеуі де (олардың бірі қазір жүкті) басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Сот процесінің алғашқы күнінде анықталғандай, медиктер өз кінәларын толықтай мойындап отыр, зардап шегушінің отбасынан әлденеше рет кешірім сұрап, 10 млн теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсеткен. Телефон арқылы Гүлдананың сіңлісі Жанарыс ЖЕКЕНОВАНЫҢ айтуынша, отбасының бейбіт келісімге келуі әбден мүмкін екен, яғни, бұл іс жүргізу келісімімен аяқталуы мүмкін. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 мамыр 2017, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.