Атырау, 6 мамыр 16:44
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"«Сектаға мүше болғанша халықтық партияға мүше болса, несі айып?»", "“Кетірмей тынбайтын сияқты”. Байбекке кім қысым жасап жатыр?", "Соғыс... Жеңіс... Аталарға тағзым...", "Ердоғанның үш қателігі. Бұған кім қуанып жүр?"

2 711 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Сектаға мүше болғанша халықтық партияға мүше болса, несі айып?»" - Алматыдағы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін биыл бітіретін студенттер «Нұр Отан» партиясына ақша жинап, кейбірі партияға «еріктерінен тыс мүше болып жатқандарын» айтады. Университет басшылығы «студенттердің таңдау еркі бар» дейді.

"Қауіпсіз аумақ бейбіт халыққа қорған бола ала ма?" - Әлемнің және аймақтың державалары соғыстан зәрезап болған Сирия халқына арнап қауіпсіз аумақтар құру жайын қарастырып жатыр. Алайда, кей мамандар мұндай бастамалардан нәтиже шамалы болады деп санайды.

ZHASALASH.KZ. "Биыл талапкерлер ҰБТ-ны билетпен де тапсырады" - Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) туралы ел ішінде әртүрлі әңгіме бар. Жыл сайын ҰБТ сұрақтарының тым жеңілдігі, ұсақ-түйек дүниелердің де қосылып кететіні «жыр» болып жатады. Өткенде ғана Баян Есентаеваның жеке өмірі, Нұртас Адамбаев түсірген кинолар тест сұрақтарына кіріп, елді бір шулатты. Оған дейін де адам түсінбейтін сұрақтар кездесіп жатты. Жалпы, ҰБТ сұрақтары қалай дайындалады? Біз осы сұрақты «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Рамазан ӘЛІМҚҰЛОВҚА қойған едік. 

365INFO.KZ. "«Жеңіс күнін» мереке деп тойламайық! Неге солай?" - Философ, саясаттанушы Айдар Әміребаевтің пікірі.

"«Бақыт деген осы!». Асқар Жұмаділдаев отбасылы адамның қандай болу керектігін айтты" - Атақты ғалым, математик Асқар Жұмаділдаев бақытты болу формуласымен бөлісіп, ер азаматтың және жақсы әйелдің игі қасиеттері қандай болу керектігін айтты.

ABAI.KZ. "Соғыс... Жеңіс... Аталарға тағзым..." - Жеңіске де 72 жыл толды. Бұл соғыс ең зұлмат - ауыр соғыс. Адам баласын, оның ішінде қазақ елін де қан жылатқан қырғын. Өзі де «Военный коммунизм», «Красный террор», «Кіші Октябрь», «Ашаршылық» т.б. сұмдықтарды қолдан жасаған сұрқия саясат құрбаны болған, бар жақсысынан айрылған елімізді «жығылғанға жұдырық» дегендей осы соғыс мүлде тұралатып кетті!

"Мен - соғыстың түлегімін" - Соғыс 22 маусым 1941 жылы басталғанда, мен үш жарым жаста екенмін. 1937 жылы 25 қарашада Семей облысы Ақсуат ауданы Егіндібұлақ мекенінде дүниеге келіппін. Кейінірек өмірбаянымда жазылып жүрген туған жерім – Қызылкесік Егіндібұлақтан 7-8 шақырым жердегі іріленген колхоздың орталығы болды. Ол заманда туу туралы куәлік жазбаған болар, тек төлқұжат аларда аудандық ішкі істер мекемесінің тізімінен менің аты-жөнім табылып, туған күнімді сол кезде бір-ақ білдім. Одан бұрын менің туған күнім күзде, қар бірінші жауған – мерзім болатын.

TURKYSTAN.KZ. "«Тауып алған даладан…»" - Безбүрек ана, тастанды сәби, жетімдер үйі. Қанша талқыланса да, түйіні тарқатылмайтын бұл тақырыптар ханның да, қараның да жанына батады. Жетімін жылатпаған халықтың көргенді ұлы мен тәрбиелі қызын жат әдетке үйір қылды деп заманды айыптап, бейғам отыра беретін уақыт емес. Өйткені Қазақстанда тастанды сәбидің саны жылдан жылға артып барады. Биылғы жылдың 3 айының өзінде ата-анасы керек етпеген 8 бөбек далада қалған. Безбүйрек аналар туралы жағымсыз ақпар көбейген сайын елімізде бэби-бокс орнату туралы әңгіме де гөй-гөйлей бастайтынына ет үйренген. Әлемнің 11 елінде орнатылған мұндай жәшіктерді көзімізбен көрмесек те, атына әбден қанықпыз. Себебі халық қалаулылары жиі көтереді бұл тақырыпты.  Бэби-бокс орнату мәселесін өткен жылы Мәжіліс мінберінде депутат Айқын Қоңыров көтерсе, жуырда Бақытгүл Хаменова қайта қозғады.

DALANEWS.KZ. "“Кетірмей тынбайтын сияқты”. Байбекке кім қысым жасап жатыр?" - Осымен екі апта бойы Алматы қаласының әкіміне жасалған ақпараттық қысым толастар емес, өйткені...

"Ердоғанның үш қателігі. Бұған кім қуанып жүр?" - Бір кезгі Түркия қандай еді? Ол тұтас Таяу Шығыс үшін жариялы, таза демократиялық елдің үлгісі-тұғын. Қазір ше? Қазіргі Түркия қандай?

EGEMEN.KZ. "Сайлаудың дүрліктірмей, біріктіргені жақсы" - Жақында Иран Ислам Республикасының Конституциялық қадағалау кеңесі ел президентіне кандидаттардың нақты тізімін бекітті. Тізімді Ішкі істер министрлігі жанындағы сайлау комиссиясы жария етті. Кандидаттардың ішінде Иранның қазіргі президенті Хасан Рухани, бірінші вице-президент Исхак Джахангири, Тегеран қаласының мэрі Мохаммад Бакер Калибаф және имам Реза мавзолейінің сақтаушысы Ибраһим Раиси бар. Сайлауға кандидат ретінде, сондай-ақ, мәдениет және өнеркәсіп министрліктерінің бұрынғы басшылары Мұстафа Мирсалим мен Мұстафа Хашеми Таба да қатыспақ. Ал сайлау осы жылдың 19 мамырында өтеді.


5 мамыр 2017, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.