Атырау, 27 сәуір 01:57
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Көлікті қуған полицейлер жол апатына ұрынды

Сурет Бейнежазба
3 809 просмотра
Фото: Facebook/Atyrau Auto Club

23 сәуірде сағат 05.30-да SsangYoung арнайы көлігіндегі «Батыс-25» полицей экипажы жүргізушісі тоқтау талабына бағынбаған «Тойота Хайлюкс» көлігінің ізіне түсті. Қуғын кезінде полицей машинасы Абай мен Махамбет көшелерінің қиылысында «Фольксваген-Поло» көлігімен соқтығысып, содан соң бағдаршамның металл бағанасына соқтықты.

Фото: Facebook/Atyrau Auto Club
ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүләзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, жол-көлік оқиғасынан кейін SsangYoung көлігіндегі екі полицей және «Фольксваген-Поло» жүргізушісі мен жолаушысы алғашқы медициналық көмек алып, үйлеріне жіберілді.

Ал бір сағаттан кейін жол подициясының қызметкерлері Игілік (бұрынғы Дзержинский) көшесінде «Тойота Хайлюкс» көлігін ұстады. Рөлде 30 жастағы Атырау тұрғыны отырған, ол медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес, жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде болған. «Тойота» жүргізушісіне де, SsangYoung көлігінде отырған полицейге де қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан басқа, қызметтік тергеу амалдары жүргізіледі.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 сәуір 2017, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.