Атырау, 26 сәуір 21:57
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

АҚШ баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізбек

1 984 просмотра


АҚШ әскери әуе күштері сәрсенбі күні  Minuteman IIІ континент аралық  баллистикалық зымыранын сынақтан өткізбек деп хабарлайды Washington Examiner ақпарат көзі. 

Washington Examiner-дің айтуынша Minuteman IIІ баллистикалық зымыраны Калифорнияда орналасқан АҚШ әскери әуе күштерінің Ванденберг базасынан ұшырылады. Осыған  байланысты АҚШ әуе күштерінің өкілі бұл баллистикалық зымыранды сынақтан өткізу Солтүстік Кореядағы жағдайларға байланысты емес, біз бұны бір жыл бұрын жоспарлағанбыз деді. 

Бүгінгі таңда ресми мәліметтер бойынша АҚШ-та 450 Minuteman IIІ континент аралық баллистикалық зымырандары бар.  Minuteman IIІ баллистикалық зымырандарын 1970 жылы қолданысқа енгізілген ал 1978 жылы  жаппай шығарылымнан алынып тасталған. Minuteman IIІ 12 мың километр шаршы аумақты жарып жіберуге қауқарлы. Қазір Корей түбегіндегі Пхеньян мен Вашингтон арасындағы саяси ахуал күн өткен сайын ушығып барады.

Дереккөз: Qazaqtimes.com 

26 сәуір 2017, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.