Атырау, 27 сәуір 04:04
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ойылған асфальтты қалпына келтіруге уәде берді

2 658 просмотра

«АЖ»-ға Самал ықшамауданының тұрғыны Мұратбек БЕКБОЛАТОВ хабарласты. Оның айтуынша, Самалда газ, су және электрмен қамту жүйелерін (ИКИ – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу жобасы) жүргізіп жатқан мердігер компанияның қызметкерлері өткен жылғы желтоқсанда төселген асфальт төсемін ойып алып, жасалған каналдарды топырақпен бітей салады екен.

- Олар неліктен өздері жасаған ойықтарды дұрыс асфальттамайды? Біздің ықшамауданнан тағы кәріз жүйесін жүргіземіз дейді. Демек, тағы да асфальтты ойып тастайды деген сөз бе? Салынған асфальттан аулақ жүрсін.

Біз ИКИ жобасына тапсырыс беруші қалалық әкімдіктің құрылыс бөлімінің басшысы Өмірбек КАМАЛОВҚА қоңырау шалдық:

- Біз бұл туралы білеміз. Бұдан бұрын бұл жерде ТКШ бөлімінің тапсырысы бойынша асфальт салынды. Енді су құбыры, газ құбыры мен кабельдерді қосу үшін асфальт астынан саңылау жасауға, ол мүмкін болсаса, асфальтты ойып алуға мәжбүрміз, - деді Камалов. – Мердігер бізге жұмыс аяқталғаннан кейін асфальт жабынын қалпына келтіруге кепілдік берген хат жолдады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті Самал ықшамауданының тұрғыны жолдады

 

25 сәуір 2017, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.