Атырау, 27 сәуір 09:36
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Далаға жан бітті

2 495 просмотра


Индер ауданында егін егу жұмыстары басталды.

Аудан бойынша 470 гектар жерге картоп, 450 гектарға көкөніс, 180 гектарға бау-бақша, 165 гектарға екпе шөп, 23 гектарға жеміс-жидектер егу жоспарланып отыр. Ауданда диқаншылар саны жылдан жылға артып келеді. Биыл егіншілікпен елу шақты шаруа қожалықтары айналыспақшы. Бүгінде егістік алқаптарда жер жырту, өңдеу жұмыстары жүріп жатыр. Аудан бойынша 500 гектар жер жыртылған. Жүйек салып, вал соғу, алқапты қоршау жұмыстары да қатар жүруде.

- Көшеттерді отырғызуды ерте қолға алдық. Қазір дайын тұр. Енді күн жылынып, жер қызған соң көшеттерді топыраққа отырғызамыз, - дейді диқаншылар.

- Бүгінде аудан бойынша 265 тонна тыңайтқышқа тапсырыс беріліп қойылды. Егістік алқаптарын сумен «ҚазСуШар» РМК-ның аудандық филиалы қамтамасыз етеді, - дейді Индер ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәулет ЕСЕТОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор 

24 сәуір 2017, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.