Атырау, 26 сәуір 23:15
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Лавров АҚШ-ты Пхеньянға қарсы "қатерлі" әскери шара қолданбауға шақырды

1 798 просмотра


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (суретте) АҚШ Солтүстік Кореяға қарсы "қауіп-қатерге басын тігетін", Сириядағы сияқты біржақты әскери шара қолданбайды деп үміттенетінін білдірді. Лавров бұл жайында АҚШ вице-президенті Майк Пенстің Пхеньянның ядролық қару жасау әрекетіне қатысты "стратегиялық төзімділік таныту дәуірі" аяқталды деген мәлімдемесіне орай айтты.

Пенстің Оңтүстік Корея мен Жапонияға сапарында айтқан бұл ескертуі АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы бір-бірін сөзбен айыптаудың соңғы көрінісі болды. Лавров Пхеньянның "парасатсыз ядролық әрекеттерін" айыптағанымен, АҚШ вице-президентінің сөзі бір жақты түрде әскери қимыл жасау туралы доқ көрсету деп бағалануы мүмкін екенін айтты.

"Біз Пхеньянның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің көптеген қарарын бұза отырып ядролық қару жасау және зымыран ұшыру әрекеттерін құптай алмаймыз, бірақ бұл БҰҰ жарғысын, халықаралық құқықты бұзып күш қолдануға болады дегенді мүлдем білдірмейді. Таяуда Сирияға жасалғандай мұндай бір жақты әрекет енді қайталанбайды деп үміттенемін" деді Лавров.

Дереккөз: Азаттық

18 сәуір 2017, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.