Атырау, 27 сәуір 08:09
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Мас «лаңкес» шатырда жасырынған

2 588 просмотра


10 сәуірде сағат 23.10-да облыстық ТЖД-ның «112» пультіне Құнанбаев көшесі, 28 мекен-жайындағы супермаркетке жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен құқыққорғау органдарының қызметкерлері супермаркет пен үй тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Оқиға орнын тексеру кезінде ешқандай күмәнді зат табылмады.

Полицейлер «із суытпай» №28 үйдің шатырынан мас күйдегі ер адамды тауып алды. Ол өзінің жалған қоңырау шалғанын мойындады. Заттай айғақ – ұялы телефон тәркіленді.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 28 жаста, сол үйде тұрады, бұдан бұрын сотталған. ҚР ҚК-нің 273-бабы («Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 сәуір 2017, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.