Атырау, 26 сәуір 19:06
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Озбырлық үстемдігі мемлекетті құрдымға кетіреді", "Ресейден маман шақыру сандырақ па, әлде саясат па?", "Сирия: сарапшылар не дейді?", "Гимн шығаратын басшылар", "Алаш, Үш жүз һәм Қазақ"

2 223 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Ресейден маман шақыру сандырақ па, әлде саясат па?" - Шымкент қаласындағы орыс мектептерінде орыстілді мұғалімдердің саны күрт азайып кетіпті. Бүгін-ертең зейнет демалысына шыққалы отырған мұғалімдер саны екі жарым мыңға жуық. Оңтүстікте орыс тілі пәндері бойынша оқу бітіретіндер саны аз болғандықтан, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева қажетті мамандарды солтүстік өңірден іздеуді жөн көреді. Бірақ қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов құшағын одан да кеңірек жайып, «орыстілді мамандарды Ресей мен Украинадан шақыртсақ болады» деп отыр. Әкім мұндай мұғалімдерді шақырып қана қоймай, оларға арнайы жатақхана беруге де бейіл. 

"Алматы облысы Путиннің билігінде ме?" - Қазақстанның қай түкпіріне барсаңыз да, алдыңыздан ойдым-ойдым жолдар шығады. Кімнен сұрамаңыз, көлік түгіл, жаяу адам жүргісіз жол азабын түңіліспен айтар еді. Көлікке емес, асауға мінгендей шоқалақ жолдарда мөңкіп кетіп бара жатқан машинада жыны ұстаған бақсыдай селкілдеп кетіп бара жатып, «экономиканың күретамыры – жол» дегенге екі дүниеде сенбейсің. Сонда «әй, осы біздің елдің экономикасы жерде емес, аспанда-ау, шамасы» деп еріксіз ойлайсыз.

"Озбырлық үстемдігі мемлекетті құрдымға кетіреді" - Ата заңымызда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: «Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық», – дейді. Ата заңымыз бізге осындай мүмкіндіктер береді екен. Онда біз не себептен әлеуметтік әділетсіздіктен көз ашпай келеміз? Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап ел басқару жүйесі озбырлыққа жол беріп, конституциялық құқықтарды өрескел бұзумен, сөз бостандығын тежеумен келеді. Соңғы кездері сөз бостандығы бұрын-соңды болмаған қудалауға, қыспаққа түсті. 

AZATTYQ.ORG. "«Метро күзеті күшейді, жұрт рюкзакқа үрке қарайды»" - Қазақстанда туған Салтанат Бегулина Ресейдің Санкт-Петербург қаласында тұрады. 5 жыл бұрын жұбайы Қайрат Баянбаевтың оқуына байланысты Петербургке қоныс аударған ол көшкенге дейін Қазақстандағы «Салтанат» ән-би ансамблінде, Тараздағы «Алатау» жастар ансамблінде эстрада әншісі болып қызмет еткен. Үш баланың анасы Салтанат Бегулина Петербург қазақтары жайлы әңгімелеп берді.

"Гимн шығаратын басшылар" - Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовтің әні қыркүйекте Ашғабатта өтетін Азия ойындарының гимні болып бекітілді. Орталық Азияда есімі әнұран авторлары қатарында көрсетілген тағы бір президент бар. Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның мемлекеттік әнұраны мәтіні авторларының бірі.

EGEMEN.KZ. "Сирия: сарапшылар не дейді?" - АҚШ-тың Сирияны қанатты зымырандармен атқылауы өткен аптадан бері халықаралық саясаттағы басты тақырып болып отыр. Дональд Трамптың бұл шешімін қуана қолдаушылар да, қатаң сынаушылар да бар. Бірақ бәрін ойландырып отырған күрделі сұрақ: Енді не болмақ?

QAMSHY.KZ. "Амангелді Айталы: Салафизмге тыйым салынбауы оларға рұқсат берілді деген сөз емес" - Философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы қоғамда болып жатқан бірқатар әлеуметтік мәселелер туралы пікірін білдірді.

"Қазақ тіліне деген немқұрайдылық медиа саланың дамуын тежеп тұр" - Марғұлан осы медианың құралдарын қолдана отырып, әлеуметтік желілерде, интернет әлемінде өзіндік орнын қалыптастырып келе жатыр. Күнделікті жазылған блог, мақала, өлең сынды дүниелерін оқып, пікір қалдыратын адамдардың да саны көп. Бұл кейіпкеріміздің өмірлік мақсаттары мен армандары медианың беріп жатқан мүмкіндіктері арқылы іске асып жатқанын көрсетеді. Сол үшін де оқырманға да өзіндік бір көмегін тигізуі ықтимал.

365INFO.KZ. "«Қазақ қызы басқаға тимей қайтеді?». Қазақстанды игеріп жатқан шетелдіктер екен" - Қазақстанда 20-дан астам шетелдік мемлекеттің 22 мыңға жуық компаниясы жұмыс істейді. Соның ішінде ең көбі — ресейлік, түрік және қытайлық фирмалар.

ABAI.KZ. "Алаш, Үш жүз һәм Қазақ" - Қазақ турасында сөз қозғап, ол жайында қалам тартқан адамдардың барлығы дерлік Алаш, Үш жүз атауларына соқпай өте алмайтындығы ақиқат. Алаш турасында “Қазақ совет энциклопедиясында” “Алаш” “Алаш мыңы”- ежелгі  қазақ тайпаларының алғашқы қауым болып біріккен одағы “қазақ” деген бұрынғы елдің жалпы аты”деп жазады.

"Мешіт тәртібін сыйламаған адам, дінді де сыйламайды" - 2016 жылғы 16 қарашада Қазақсан мұсылмандар діни басқарма (бұдан әрі – ҚМДБ) мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі бекітілгені белгілі. Аталған ереже ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңесінің мәжілісінде талқыланып, қолдау тапты.

TURKYSTAN.KZ. "Баспаналы болуға алғашқы қадам" - Елімізде өткен жылы тұрғын үй құрылысы бойынша 89 мың жаңа пәтер пайдалануға беріліп, рекордтық деңгейге жетті. Тұрғын үй құрылыс саласына, әсіресе, соңғы екі жылда жан бітіп, қарқынды жұмыс атқарылуда. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары бұл салада банкроттық жағдай қалыптасқаны белгілі. Тұрғын үй құрылысы қаржының тапшылығынан тоқырап қалды. Пайдалануға берілген жаңа пәтерлер жылдық орташа есеппен 16 мыңнан аспады.

QAZAQUNI.KZ. "Солақай «сыншылар» Димаштан кешірім сұрай ма?" - Қытайдағы халықаралық ән байқауында өнер көрсетіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, шашасына шаң жұқтырмай суырылып алға шыққан Димаш Құдайбергеннің есімін бүгінде әр отандасымыз біледі. Тіпті, Лара Фабиан секілді шетелдің саңлақ әншілерін таңдай қақтырған Димаштың суретіне дейін Нью-Йорктің төрінде ілініп, «Халықаралық деңгейдегі ең танымал әнші» атанып, миллиардты мойындатып отыр.


11 сәуір 2017, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.