Атырау, 27 сәуір 06:29
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Теңгеге тұзақ: ұлттық валютаны алып-сатарлықпен нығайтудың арты неге соқтырады?", "Мұхтар Тайжан. Бізге қарсы шығатындар - латифундистер", "ОА-да терроршылар қатарына кім қалай шақырады?", "«Томагавктың» түймесін басқан қыз кім?"

2 230 просмотра

AZATTYQ.ORG. "ОА-да терроршылар қатарына кім қалай шақырады?" - Лондондағы King's College университетінің зорлық-зомбылық экстремизмі жөніндегі сарапшысы Анна Матвеева Орталық Азия елдерінде жұртты содырлар қатарына шақырушылар арасында таксистер, автобус жүргізушілері, базар саудагерлері бар екенін айтады.

"Мәскеу мен Дамаскіге жасалған ескерту" - Азаттық АҚШ-тың Сириядағы Асад үкіметінің Шайрат әуе күштері базасын зымырандармен атқылауына қатысты америкалық сарапшылардың пікірін сұрастырған еді.

"Зейнеткер өзін жалаңаш ұстаған полицейлерді жазалатқысы келеді" - Астананың 65 жастағы тұрғыны Сансызбай Мұқанов «жер митингілері» жоспарланған мамырдың 21-і күні оны бөлімшеге жалаңаш күйінде алып кетіп қорлағаны, ол жерде түсіндірместен алты сағат бойы ұстағаны үшін полицейлерді бір жылдан бері жауапқа тарттыруға тырысып жүр.

365INFO.KZ. "Құдіре бандыны қуған Хамит шын өмірде болған екен" - Иә, өмір деген қызық. Басты рөлді Досхан Жолжақсынов сомдайтын «Бандыны қуған Хамитті» көрген шығарсыз? Әйгілі кино ғой. Осы кинодағы бандыны қуған батыр өмірде бар екен. Осы мақаланың авторы Тәңкібаев Хамит Қарақойшыұлының қыздарымен бір пойызда жолығысыпты. 

ABAI.KZ. "Мұхтар Тайжан. Бізге қарсы шығатындар - латифундистер" - Жақында ҚР Парламенті дау тудырған жер мәселесі жөніндегі Заң жобасын қарастырмақ көрінеді. Ол үшін Мәжіліс жанынан арнайы комиссия құрылған. Өткен жылғы Жер комиссиясы енгізген өзгертулер мен толықтыруларды талқылайтын жұмысшы топқа Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері арасынан қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан кірген.

""Белден кеткен" депутаттардың жалақысы көбейіпті" - Осы аптада Астана жақтан жеткен хабар – бұрынғыдай сайланбаған, партия жетекшілері тарапынан тағайындалған депутаттардың жалақылары көтеріледі-міс.

TURKYSTAN.KZ. "Мұхтар Шаханов: Ұлы рухтасым өмірден озды" - 1 сәуір күні Кеңес Одағының және Ресейдің даңқты ақыны, прозашы, сценарист, режиссер  және актер Евгений Евтушенко өмірден озды. 85 жасқа қараған шағында мәңгілік сапарға аттанған қаламгер саналы ғұмырын жазуға арнап, орыс әдебиеті мен мәдениетінде өшпестей із қалдырды. 150-ден астам кітап жазған ақынның шығармалары әлемнің 70-тен астам тіліне аударылып, дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі пікірлес, ниеттес оқырмандарын біріктірді.

"Балдырғанның бал тілі шықпай жүрсе…" - Баланың тілі уақтылы шықпаса қайтпек керек? Оған назар аударып, тиісті жерге жолдай алатын дәрігер болса жақсы. Болмаса ше? Көпшіліктің алдынан шығатын күрмеу де осы. Баланың тілі шықпай, мүгедектігіне немесе басқа да ауытқуларына байланысты көмек қажет болғанда, ата-ана логопед, дефектологтарды іздей бастайды. Қолы жетсе, мемлекеттік мекемелер – арнайы балабақша, түзету мектептеріне түсе алады. Ал кезегі жетпесе, шама-шарқы келгенше ақылы түрде логопед маманның көмегіне ұмтылады. Өкінішке қарай, елімізде қазақ тілінде жұмыс істеуге маманданған логопедтер тапшы.

AIKYN.KZ. "«Томагавктың» түймесін басқан қыз кім?" - 4 сәуір күні Сирияның Хан-Шейхун қаласының маңындағы Идлиб провинциясында жойқын жарылыс болып, 100-ге жуық адам қаза тапты. Жарылыстың салдарынан 500-дей адам жарақат алды. Ең алаңдатқан мәселе: бүкіл әлем адамзатқа жасалған қастандықты көзімен көрді. Қырылып жатқан адам, жалбарынып, Жаратқаннан көмек сұраған жараланған жандар. Құдай басқа бермесін, Сирияның бейбіт халқы  5 жылдан аса уақыттан бері сұм соғыстың  зардабын тартып келеді. Әлі де оның салдары үлкен болып қала береді. Ең қиыны, күн сайынғы атыстан  онсыз да үрейленіп өмір сүріп жатқан халыққа химиялық шабуыл жасалды. Химиялық шабуыл! Ал оны жасаған кім? Адамзатқа жасалған қастандықтың артында кім тұр? Өйткені бұл адам баласына ғана емес, ғаламға жасалған зұлымдық екенін мойындауымыз керек.

"Тағы да Ким Чен Ынның көзін құрту тапсырылды" - АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесі ел президенті Дональд Трампқа Солтүстік Корея президентінің көзін құрту және Оңтүстік Корея территориясына ядролық арсеналды тезірек орналастыру туралы ұсыныс жасады.

ҚАЗТАГ. "Теңгеге тұзақ: ұлттық валютаны алып-сатарлықпен нығайтудың арты неге соқтырады?" - Қазақстандық және ресейлік валюталық нарықтағы наурыздағы оқиғалар өте қауіпті үрдістің күшейгенінің көрсетіші болды. Мұның барлығы қазір айырбас бағамының өзгерісі, атап айтқанда теңгенің, барған сайын фундаменталдық факторлармен емес, алып-сатарлық капиталдың ағымымен анықталып отырғанын көрсетеді. Келешекте ол кезекті девальвациялық «цунамиға» айналуы әбден мүмкін.

QAMSHY.KZ. "Алда болуға тиіс әлемдік саясаттағы «ұлы дүмпу» қазаққа пайдалы ма?" - АҚШ-тың Сирияны бомбалауы, Солтүстік Кореяға ашық сес көрсете бастауы, Қытай және Ресеймен қандай ұстанымда болатыны – қазірдің өзінде айқындала бастағандай.

EGEMEN.KZ. "Қорықты ханталапай қылмайық..." - Жер асты байлықтарын игеру­дің жер үстіне тигізер залал-зардабы ескеріле ме? Кешегі кезеңді көзі көре қалған көне­көздер даласы сан түрлі шөп пен гүл түрлеріне бөгіп, аң атау­­лының жерұйығына айнал­ған Маңғыстауда «шөптің шүй­гіндігінен шөккен түйе көрін­бейтін еді» дегенді айтады. Ол енді ескі күндердің ерте­гідей естілетін естелігіне айналды, бүгін ше?!

"Альцгеймер дертінің емі табыла ма?" - Марафонға жүгіру денсаулыққа зиян болып шықты. Роботтар жұмыссыздықты көбейтеді. Әлемде әр оныншы өлімге темекі себепші. Альцгеймер дертінің емі табыла ма? Жаңа туған сәби күніне үш сағат жылайды.


10 сәуір 2017, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.