Атырау, 26 сәуір 23:09
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Азаматтықтан айыру және тоталитаризмге оралу", "Қасымов халықтың алдына қашан барады?", "Тимур Құлыбаев енді медицинаға бет бұрмақ", "Ислам Каримовтің бұрынғы баспасөз хатшысы «Президенттің көңілдесі» деген қауесеттің шындығын айтты"

2 974 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Қасымов халықтың алдына қашан барады?" - «Осы залда танысы не туысқаны ұрлықтың құрбаны болмаған адам жоқ шығар, сірә. Бұл проблема қоғамның әлеуметтік көңіл күйіне әсер етуде. Ұрлықпен күресудің әдіс-тәсілдері ескіріп, тиімсіздігін көрсетуде».

"Өзбектер бізден бақытты" - Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі бақытты елдердің (World Happiness Report 2017) рейтингін жариялады. Бұл тізімде «жер-жаһанды мойындатқан», «халықаралық қақтығыстарға төрелік айтқан», «аймақта оқ бойы озып, өзгелердің аузын аштырып кеткен» деп сипатталып, мақталатын Қазақстан ең бақытты елдермен терезесін теңестіре алмады. Қайта, керісінше, аста-төк байлығына қарамастан кері кетіп, алты сатыға төмендеп (өткен жылы 54-орында болатын), 60-орынға әрең тұрақтаған.

"Тимур Құлыбаев енді медицинаға бет бұрмақ" - Қазақстан президентінің ортаншы күйеу баласы, белгілі миллиардер Тимур Құлыбаев аса ауқатты, зор дәулеттілерді емдеуге салынып жатқан Мәскеу түбіндегі Ильинка ауруханасының 50 пайыз акциясын сатып алмақшы. Clinic Management Group Vademecum агенттігінің жазуынша, «Ильинская больницаның» 50 пайыз акциясын денсаулық сақтау саласына маманданған қазақстандық инвесткомпания сатып алып жатыр. «Әйтсе де қожайынның кім екенін Emdeu Group жария еткісі келмеді», – деп жазады басылым. Аурухана акциясының құны қаншаға түскені жөнінде мәлімет жоқ. 

AZATTYQ.ORG. "Сайлау комиссиясында біріккен «Бірлік» пен «Нұр Отан»" - «Нұр Отан» партиясы мүшесінің сайлау комиссиясына «Бірлік» партиясының атынан қатысу заңға қайшы емес» дейді сайлау комиссиясының төрағасы. «Бірлік» партиясы басшылары бұл туралы хабарсыз болып шықты.

"Азаматтықтан айыру және тоталитаризмге оралу" - Қазақстанның қылмыстық кодексіне елдің «өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян келтірді» деген ұғым енгізбек. Ондай қылмыстар үшін азаматтықтан айыру немесе өлім жазасы қарастырылған. Жоба авторлары ұғымды толық түсіндіре алмайды. Сарапшылардың айтуынша, елде неототалитаризм белгілері байқалады.

"Ұсталғандар беларусь милициясының озбырлығына шағымданды" - Наурыздың 26-сы күні азық-түлік алу үшін Минскінің орталығына шыққанда Павел Белавус пен оның жүкті әйелі үйлеріне тез ораламыз деп ойлаған еді. Бірақ көп ұзамай екеуін полиция ұстады. Павелді «заңсыз шеруге қатыстың» деп айыптады.

INFORM.KZ. "Ислам Каримовтің бұрынғы баспасөз хатшысы «Президенттің көңілдесі» деген қауесеттің шындығын айтты" - Лола Хатамова – Өзбекстанда 1980-90 жылдары аса танымал болған тележурналист. Саяси шолушы, Үндістан тарихын терең білетін маман. 1990-жылдары президент «Ислам Каримовтің көңілдесі» деген өсек елдің түкпір-түкпірінде желдей есіп, жұрт көзінен кетуге мәжбүр болған. Қазір Америкада тұратын журналист сол оқиғадан 25 жыл өткеннен кейін бар шындықты айтып, сұхбат беріпті.

365INFO.KZ. "«Мұндай болмас еді». Заңгер ақшасынан айырылған оралман ананың басты қателігін айтты" - «Майқапшағай» шекарашылары (ШҚО, Зайсан ауданы) ата-жұртына көшіп келе жатқан жесір ананың 50 мың долларын тәркілеп алғаны туралы бірқатар газет-сайттар жарыса жазған бұдан бұрын. Анықтап айтсақ: Қытайдағы үйін сатып, Қазақстаннан үй аламын деп, «Майқапшағай» шекара бекетінен өтер кезде бар ақшасынан айырылған Гүлжан Мәуітханның үстінен іс қозғалыпты қазіргі күні. Сот жүріп жатыр. Жесір анаға «Ақша контробандасымен» айналысты деген айып тағылған.

ABAI.KZ. "Жаңа Патша сарайы салынады" - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назабаевтың жаңа резиденциясы салынуы мүмкін, - деп жазады «saigez.kz» сайты сүйінші сұрап. Астанада салынуы ықтимал сарайдың құрылысына «mabetex group» инжинерлік-құрылыс компаниясы жауапты екен. Компанияның ресми сайтында болашақтағы президент сарайының сұлбасы жарияланды.

"Авторитарлық билікке әрқашан нақты ақпарат жетпейді" - Авторитарлық билік альтернативалық мақалаларды және хаттарды оқымайды, ақпарат жетсе де ешқандай реакция білдірмейді. Қазақ авторитаризмінде өмір сүріп жатқан басшы адамдардың ең басты кемшілігі – қарауындағы көмекші аппаратта қоғамдық шындықтың айтылмауы дер едім. Мұндай кезде өтірікші эксперттер қаптайды.

TURKYSTAN.KZ. "Түйткіл басы — дәрігер тапшылығы" - Еліміздің мемлекеттік емханаларында дәрігер тапшы екенін басы ауырып, балтыры сыздағанның бәрі біледі.  Ұзын-сонар кезекті күтем дегенше сырқаты асқынып, дертіне дерт қосып қайтатындар аз емес. Емдеу мекемесінің табалдырығын тоздырса да,  ауруына шипа таба алмаған жандардың бірі – елордалық зейнеткер Өмірзақ Тайжанова. Дәрігерге кіре алмай сағы сынған Өмірзақ әжей № 5 емхананы аралап жүрген денсаулық сақтау министрінің көзінше астаналық ақ халаттыларға бар өкпесін жайып салды.

"Өрлеу мен тоқырау: балалар әдебиетінің аяқ алысы қалай?" - Балалар әдебиетіне қалам тарту екінің бірінің қолынан келетін шаруа емес. Балаға арнап жазу нақтылықты, қысқалықты қажет етеді. Бұдан өзге айтатын ойдың жұп-жұмыр, ұғынықты, жатық әрі бейнелі болуы да басты талап. Содан ба екен, балалар әдебиеті кенжелеп қалған сияқты.

DALANEWS.KZ. "Тұңғышбай таза адам" - Тұңғышбайды халқы неге ұмытпайды? Жүрсін Ерманның бар ойы неде? Тілеухан мен Тазабек кімнің обалына қалды? “Рейтинг” газетіне сұхбат берген айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова бұл тарапта біраз жайттың басын ашқан екен.

QAZAQUNI.KZ. "Назарбаев Шахановқа не үшін қыруар қаржы тауып берді?" - Еліміздегі даулы мәселелерде төбе көрсетіп отыратын қоғам қайраткері, белгілі ақын Мұхтар Шахановтың БАҚ-қа берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

EGEMEN.KZ. "Салғырт адамнан сарапшы шықпайды" - Жуырда «Сот-сараптама қызметі туралы» жаңа заң қолданысқа еніп, 2010 жылы қа­былданған бұрынғы заң күшін жойды. Қылмыстық әрекеттерден тірі қал­ған адамның денесіндегі, мәйіттердегі, жануарлардағы және т.б. жара­қат­тар мен заттардағы зақымданулардың неден болғанын осы сараптамалар анықтайды. Біз жаңа заңның ерекшеліктері мен жаңалықтары жөнінде айтып беруді Мәжілісте заң жобасын жүргізген жұмыс тобының жетекшісі Балайым КЕСЕБАЕВАДАН өтінген едік.

31 наурыз 2017, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.