Атырау, 27 сәуір 00:46
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қалмұханбет Қасымов су тасу қаупi жоғары аймақтарды атады

1 830 просмотра

ҚР Iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов Үкiмет отырысында ауа райы болжамына байланысты 6-7 сәуiрде Қостанай облысында, 8-9 сәуiрде Ақмола, Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан облыстарында су тасу қаупi жоғарылайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев кеше Қызылорда облысында Сырдария өзенiнде су тасқыны басталғанын айтып, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтан жағдайды баяндауды сұрады.

«Ешқандай қауiп жоқ. Жоспарланған iстердiң барлығын атқардық. Арал ауданы аймағында екi-үш нысанды жөндеу керек. Сондықтан, жергiлiктi деңгейде, яғни аудандық көлемде төтенше жағдай жарияланған. Соның қазiр есептерiн қарап жатырмыз. Облыстық бюджетте тиiстi қаржы бар. Мәселенiң барлығын толығымен шешуге болады», - дедi облыс басшысы.

Сондай-ақ, ҚР IIМ басшысы Қалмұханбет Қасымов жалпы республикадағы жағдайға тоқталды. Министрдiң айтуынша, барлық өңiрде жұмыс атқарылып жатыр.

«24-25 наурызда Солтүстiк Қазақстан облысы мен Ақмола облысын тiкұшақпен тексерiп шықтық. 29 наурызда Қарағанды облысын тексермекпiз. Бiз Қазгидромет мәлiметтерi мен су қоймаларының толу деңгейiне байланысты қаупi жоғары аймақтарға Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстары, СҚО, ОҚО-ларды жатқыздық. Соңғы күндердегi ауа райы мен жағдайға байланысты қауiптi жағдай тек Қостанай мен Солтүстiк Қазақстанда сақталып отыр деп айта аламыз. Қызылорда облысында аздап су тасыды, жұмыс атқарылды, ендi аса үлкен қауiп жоқ», - дедi министр.

Қ.Қасымовтың айтуынша, ауа райы болжамына байланысты 6-7 сәуiрде Қостанай облысында, 8-9 сәуiрде Ақмола, Қарағанды, Солтүстiк Қазақстан облыстарында су тасу қаупi жоғарылайды. Осы мерзiмге дейiн барлық күш әзiрленiп, қажеттi шаралар қабылданады, деп уәде бердi министр.

Дереккөз: Baq.kz

28 наурыз 2017, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.