Атырау, 26 сәуір 22:48
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Нұрлан Алдабергенов премьер-министр кеңсесінің жетекшісі болып тағайындалды

2 537 просмотра


Нұрлан Алдабергенов Қазақстан Республикасы премьер-министр кеңсесінің жетекшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Нұрлан Шәдібекұлы Алдабергенов 1962 жылы 19 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын, В.В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының аспирантурасын, Д.А.Қонаев атындағы университетті бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 

1996 жылдан Алматы қаласы бойынша Баға және монополияға қарсы саясаты комитеті төрағасының орынбасары. 1999 жылдан - Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры. 2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары. 2007 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы. 2012 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі болған. "Құрмет" орденімен, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" медалімен марапатталған. 

Айта кетейк, бұған дейін ҚР премьер-министр кеңсесінің жетекшісі қызметін Ерлан Қошанов атқарған. Ол Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

27 наурыз 2017, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.