Атырау, 27 сәуір 08:50
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстан құрамасындағылар Арменияға қонған ұшаққа қатысты пікір білдірді

2 322 просмотра

Фото: Prosports.kz.
Қазақстан футбол құрамасының медиа-офицері Ербол Қайыров Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында командамен болған жағдайдың мән-жайын айтып берді. 

"Армениямен өткен матчтан кейін чартер жанармай құю үшін Ақтөбеге ұшып, сол жақтан Астанаға ұшу керек болатын. Бірақ бірнеше уақыттан соң ұшақ ұшқан бетте шассидің ақауы жайлы дабыл қағылды. Сондықтан командир әуежайға қайтып ұшып келу туралы шешім қабылдады. Команда қазіргі уақытта Еревандағы мейманханада. Жағдай дұрысталғанда Қазақстанға ұшып кетуге болады. Команданың басқа ұшақпен кететінін нақты айта аламын", - деді Ербол Қайыров. 

Сондай-ақ, ол Қазақстан құрамасы футболшыларының бұл жағдайға қалай әсер еткенін айтып берді. 

"Әрине, бұдан көңіл-күй көтерілген жоқ. Футболшылар шаршап тұрды. Бірақ жалпы олар бұл жағдайға түсіністікпен қарады", - деді медиа-офицер. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасының футболшылары отырған ұшақтың Ереванға шұғыл қонғаны хабарланған болатын. Қазақстан құрамасы отырған ұшақ Ереванға шұғыл қонды. Ол сол жақтан ұшып кеткен болатын. Ұшақтың қонуына шассидегі ақау себеп болған", - делінген еді хабарламада.

Дереккөз: Vesti.kz

27 наурыз 2017, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.