Атырау, 26 сәуір 21:57
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Сауалнама. Жүргізуші куәлігі сатыла ма?", Маңғыстау жұмысшылары қанаушы тапқа қарсы күресіп жатыр", "Әйтімова қай елде өмір сүреді?", "Омар Хайямның «Наурызнамасы»", "Димаш Құдайберген: Ауырып тұрсам да фонограммамен ән айтқым келмейді​​"

2 908 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Мүгедек сана салдары" - Әскерге барып келген жас жігіттер керемет әңгімешіл. Өздері неше түрлі жаргонмен сөйлейді. Қазақ тілінің жаңа мүмкіндіктерін ашып жатқандай көрініп кетеді кейде. Жақында азаматтық борышын өтеп қайтқан бір жігіт өзінің «ақсақал» кезіндегі қызықтарын біраз термеледі. Шынын айтқанда, бізге сол оқиғалар түк қызық көрінген жоқ.

"Семейдегі Ленин қашан құлайды?" - Биыл – Алаштың ғасырлық тойы. Ал қарт Ертістің жағасындағы Семей Алаштың астанасы болғанын көзіқарақты жұрт біледі. Алаш туы желбіреп, ұлт рухы асқақтаған, жаңа тұрпатты мемлекеттілік қалыптастырудың қайнаған ортасы болған қала қызыл өкіметтің қалдығынан арыла алмай отыр. Соның дәлеліндей Семейдің орталық көшесі күні бүгінге дейін Лениннің атында тұр. Тәуелсіздікке ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, басқа-басқа, Семейде «Совет өкіметінің құламай тұрғаны» елдігімізге сын. Оның үстіне, Алаш тойының жылында қызыл көсемнің Алаш қаласының бас көшесін иеленіп жатқаны қазақ қалаларының әлі де отарлықтың қамытында, құлдық сананың құрсауында жатқанының көрінісі.

AZATTYQ.ORG. "Қысқаметражды кинодағы балалар үйі және құлдық" - Наурыздың 16-сында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Қазақфильм» киностудиясына қарасты «Дебют» шығармашылық бірлестігі түсірген қысқаметражды фильмдер көрсетілімі болды. Фильмдердің бәрін жаңа бастаған режиссерлер түсірген.

BAQ.KZ. "Омар Хайямның «Наурызнамасы»" - Наурыз мерекесі туралы Шығыс ғұламасы, ақын, ғалым Омар ибн Ибрагим әл-Хайямның «Наурызнама» атты бірін-бірі толықтыратын қол­­жаз­баларының бірі Гер­мания­ның Берлин мемлекеттік кітапханасында, екіншісі Лондон­дағы Британ Ұлттық музейінде сақталған.

ABAI.KZ. "Әзімбай Ғали: Ресей – «изгой» мемлекет" - Шындап айтса, – дейді саясаттанушы, – бұл бізге жаман емес, 43 мың орыс тектес адам бір жылда біреулері о дүниге, басқасы негізінен Ресейге аттанады. Қазақтың өсімі екі санақ 1999-2009 жылдардағы аралықта 26% асты. Енді орыс пен қазақтың үлес және сан арақатынасы: 20% бен 68% жетті.

"Сауалнама. Жүргізуші куәлігі сатыла ма?" - Көлік апаты деген күнде еститін әңгімеге айналды. Өкініштісі, автодан келген апаттан қаза тапқан адамдар саны да көп. Шиеленіскен жолдың үстінде шимақталған көліктердегі жүргізушілердің бәрі ашулығ әйтеуір. Жүргізуші куәлігі екінің біреуінде бар. Екі-үш күннің шегінде жұрттың аузындағы әңгіме – жүргізуші куәлігі сатыла ма? Біз бұл мәселеге тереңірек үңіліп көрдік.

QAMSHY.KZ. "Маңғыстау жұмысшылары қанаушы тапқа қарсы күресіп жатыр" - Бұл жолы Ақтауда Techno Trading LTD «мұнайсервис» компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. Неге? Мемлекеттік биліктің - "қанаушылардың" (монополистердің) мүддесін қолдауы, мәселені құқықтық тұрғыдан шешеді деген құзырлы органдарының "бейтараптығы", бұл аз болғандай жергілікті полицейлік-әкімшілік жүйенің жұмысшылардың өмірлік "құқықтары мен бостандықтарына" қысым жасауы, "қоғамдағы теңсіздік", "бай мен кедейшіліктің арасының алшақтай түсуі", "еңбекшілердің қанаушыларға тәуелділігі", "екі жақты қанаудың" тереңдей түсуі жұмысшы табын ерте ме, кеш пе наразылық ереуіліне шығуға мәжбүр етеді. Бұл - АКСИОМА.

"Димаш Құдайберген: Ауырып тұрсам да фонограммамен ән айтқым келмейді" - Димаш құдайберген Қытайдың Weibo арнасына сұхбат берді. Қытайдың I am singer байқауының әр кезеңінен сүрінбей өтіп, финалға өткен отандасымыз бүгінде барша әлемге танымал жұлдызға айналды. Сұхбат барысында I am singer байқауына қалай дайындалғаны, әндерді орындауда неге баса мән бергенін айтты.

TURKYSTAN.KZ. "Қарусыз майданның күрескері" - Театрдың тұтқасын ұстап тұрған үш мықты бар: драматург, режиссер, актер. Үшеуінің таным таразысы теңесіп,  күші мен ісі бір арнаға құйылса, оның тегеурініне бөгет атаулы шыдас бере алмайды. Сәтті құрылған үштаған ғана көрерменін жылдар бойы жалықтырмайтын тұғырлы туындылар тудыра алатынын әлемдік театр тарихы әлдеқашан дәлелдеп қойған. Төл өнердің жылнамасы да бұған сан мәрте көзімізді жеткізген. Өткеннің емес, бүгінгінің мысалын сұрасаңыз, М.Әуезов театрының көрермендеріне «Бақыттың кілті» атты жаңа қойылым ұсынған Мұрат–Обаев–Дайыров үштағанын тілге тиек етпекпіз.

EGEMEN.KZ. "«Жалпыадамзаттық құндылықтар әрқашан ортақ»" - «Алаш» партиясы тарихын зерттеп жүрген тарихшы-ғалымдардың ішінде шоқтығы биігі – тарих ғылымдарының докторы, Ресей Ғылым академиясы Тарих институтының ғылыми қызметкері, Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Дина Аманжолова Наурыз мейрамының қарсаңында «Егемен Қазақстан» газеті үшін арнайы сұхбат берген еді.

DALANEWS.KZ. "Әйтімова қай елде өмір сүреді?" - Бір жылдары Келімбетов күлдірген еді. Қазақстанды Сингапурға теңеп. Енді Әйтімова шықты. Ол кісі сенатор.

AIKYN.KZ. "Түркиямен арақатынасты үзуге болмайды" - Түркия мен ЕуроОдақ арасы  тағы бүлінді. Даудың басы  Нидерландыда  жатыр. 11  наурыз күні Түркия  Сыртқы істер  министрі  Мевлют Чавушоглу  мінген ұшақты Нидерланды  билігі  өз  жеріне қонуға рұқсат бермеді.

18 наурыз 2017, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.